14 қазанда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мамандарының Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің үш факультетінің 4 курс студенттерімен кездесуі өтті. Ұйымдастырушылар педагог-психолог Саликова Гүлжамал мен медбике Аубакирова Ғалия АИТВ-инфекциясының өзектілігін және оның әр адамның болашағына әсерін атап өтті. Орталық эпидемиолог дәрігері Ысқақ Мейіржан АИТВ жұқтырған әйелдің дені сау бала тууы мүмкін бе, АИТВ қалай және қайда тексерілуге болады, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болған кезде АИТВ жұқтыру қаупі туралы сұрақтарға жауап берді. Облыстық ЖИТС орталығының психологы Мереке Бегманова берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Студенттер «серологиялық терезе» ұғымына, есірткінің АИТВ-жұқпасына әсері мен емделуіне ерекше қызығушылық танытты. Студенттерге «АИТВ туралы ақиқат пен аңыздар» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, буклеттер мен медициналық кабинетке плакаттар таратылды. Дәріспен 67 адам қамтылды.