Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС симптомы және АИТВ –инфекциясын емдеу

Вирусты жұқтырған адам ЖИТС-ке ұшырады деуге болмайды. ЖИТС-ке ұласуына ұзақ жыл өтеді (орта есеппен 10-12 жыл). АИТВ инфекциясын немесе ЖИТС-пен ауырған адам «Қанша жыл өмір сүремін?» және «Ауруым асқынған ба?» деген сұрақтар қояды. АИТВ да, ЖИТС те әр түрлі асқынады және бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Бүгінгі күні осы аурумен ауыратын адамдар бұрынғы жылдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. АИТВ және ЖИТС-ті емдеу жылдан жылға нәтижесін беруде.
Емдеу нәтижесінде ұзақ уақыт өздерін сау адамдай сезінеді. Емдеудің жаңа әдістері іздестірілуде. Инфекциямен күресте тиімді жаңа дәрілік заттардың пайда болатынына күмән жоқ, әрине. АИТВ жұқтырып алмау үшін қарапайым ережелерді сақтауыңыз қажет: есірткі заттарын пайдаланбаңыз және бірнеше адам пайдаланған шприцті қолдануға болмайды, қорғаныс құралдарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеу керек, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды емдеу қажет, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болу, өзіңіздің статусыңызды білу үшін АИТВ тестіден өту. Зерттеуді емханада анонимді түрде өтуге болады.