Медициналық бұйымдарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс берушінің/тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастырушының атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы» КМҚК.
Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 64 «Г».
Тендерлік құжаттамаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы» КМҚК үшін 2022 жылға арналған медициналық бұйымдарды сатып алу» тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома, жеткізу мерзімдері мен шарттары, тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі тендерлік құжаттамада және 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны-Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 64 «Г», каб.206.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы 03 мамыр сағат 10-00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 03 мамыр сағат 11-00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 64 «Г», мәжіліс залы.