Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-инфекциясының алдын алу

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ардақ Жетібаева және Айнур Тұрғынбаева АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу облыстық қан орталығының қызметкерлерінің арасында өтті.

эпидемиология бөлімінің дәрігері Ардақ Жетібаева АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз презентациясында медицина қызметкерлеріне Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.