Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС-тің жұғу жолдары

ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы-туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» (қолайлы жағдайларды пайдалана білетіндер) деп аталады, себебі олар адам қоғаныш жүйесі әлсіреп ауру қоздырғышына қарсы түру қабілеті әлсіреген кезде пайда болады.
Қазіргі кезде АИТВ жұқпасының даму қарқынын тоқтататын дәрі-дәрмектер бар. Басқа дәрі-дәрмектермен «оппортунистік» жұқпаларды алдын алу немесе емдеуге болады. Егер ерте анықтаса оның алдын алу және емдеу мүмкіндігі көбірек болады.
АИТВ жұқтырған адамда бір немесе бірнеше оппортунистік ауру анықталып және CD4 клеткаларының мөлшері белгілі деңгейге дейін төмендесе, ЖИТС деген диагноз қойылады.
АИТВ қалай жұғады?
Қанға АИТВ қажетті мөлшерде түскенде жұғуы мүмкін. Құрамында АИТВ-ның жұғатын мөлшері бар организм сұйықтары, олар:
Қан;
Қынап сұйықтығы;
Шәуіт;
Ана сүті.
Сілекей, тер, несеп құрамында қоздырғыш жұқтыратын мөлшерде болмайды. АИТВ зақымдалмаған тері арқылы немесе ауа арқылы тұмау қоздырғышы сияқты берілмейді.
АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар:
АИТВ жұғудың 3түрі
1)ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ-сақтанбаған (мүшеқапсыз) терең жыныстық қатынас;
2) ҚАН АРҚЫЛЫ
Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану;
Тату пирсинг үшін залалсыздандырылмаған құралдар қолдану;
Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану нәтижесінде;
Жұқпасы бар қан тапсырушының қанын құйғанда.
3) АИТВ-ОҢ НӘТИЖЕЛІ АНАДАН БАЛАҒА- жүктілік, босану және емізу кезінде.