Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Теңдік уақыты» ұранымен кең көлемді акция өткізілді

Бүгін 2022 жылдың 28-ші қарашасы күні Жамбыл облыстық жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» науқаны аясында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологтары Тұрғынбаева А.,Кетпенбаев С., Цзи А., ұйымдастыруларымен «Теңдік уақыты» ұранымен кең көлемді акция өткізілді.
Сонымен қатар орталықтың мамандары Тұрғынбаева А. Кетпнебаев С., олар; жастарды өз денсаулығын сақтауға және жауапкершілікпен қарауға шақырды, АИТВ- инфекциясынан қорғану жолдары мен шаралары туралы айтып берді, және де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітітушілікке жол бермеу туралы сөз сөйледі.
Акцияның қызықты бөліктері студентер арасында өткізген топтық ойындар мен қатысушылар арасында сұрақ-жауап айдары болды. Науқан аясында барлық ниет білдірушілер АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өттіп, мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты –өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту, сонымен қатар АИТВ-инфекциясының алғашқы белгілері туралы халықтың хабардарлығын артыру болып табылады. Аталмыш акцияға 38 білімгер қатысты.