2023 жылдың 13 қаңтарында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-алдын алу іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын зерделеуге арналған семинар өтті. Семинарды госпитальдық эпидемиолог Г.А.Калметова өткізді. Аудитория – орта және кіші медициналық құрам.