2023 жылдың 3 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері (И.И. Дегтерева, Г.А. Калметова, Е.И. Стратула, А.С. Цзи) Психикалық денсаулық орталығының базасында ИETA тобымен – инъекциялық препараттарды тұтынатын адамдармен жұмыс жүргізу бойынша семинар өткізді. Республикадағы және аймақтағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайды, ИETA сауалнамасын қамтуды, жұмыстағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Науқастарды кодтау және оларды арнайы мамандарға жолдау бойынша нарколог-дәрігерлермен көптеген ұйымдастырушылық мәселелер келісілді. Жеке әңгіме АИТВ байланыс алдындағы және кейінгі алдын алу тақырыбына арналды.
Шараға қашықтан (Zoom арқылы) облыс аудандарының дәрігерлері қатысты.