2023 жылғы 14 ақпанда облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Г.А. Калметова жоспарлы мониторингтік сапар шеңберінде урология және жаңа технологиялар орталығына барды, оның мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында жан-жақты кеңес беру, көмек көрсету болып табылады. ЖИТС орталығының қызметкері АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеп, қолданыстағы НҚА сәйкес қажетті түзетулер енгізіп, семинар өткізді.