Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Халықаралық кеңесшілермен кездесу

«ҚР ДСМ Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК 2023 жылғы 15 наурызда облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарын қоса алғанда, мүдделі тараптардан ұсыныстар жинау мақсатында ұлттық диалог жүргізу үшін халықаралық кеңесшілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ЖИТС орталықтарының 2024-2026 жылдарға арналған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қорды қаржыландыруға арналған жаңа өтінімге енгізу жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Жаһандық қор сенімді эпидемиологиялық деректерге және географиялық аймақтар, нақты жас топтары және жынысы бойынша бөлінудегі қызмет көрсетудегі олқылықтарды егжей-тегжейлі түсінуге негізделген алдын алу мен тестілеудің стратегиялық тәсілін ұсынады.