Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Әскерилер арасында АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша кездесу өтті

 

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева мен мейірбике А.Кокибаева Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 28903 әскери бөлімінде іс-шара өткізді.

🔹Іс-шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және ерте анықтаудың артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, әскери қызметкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы атап өтілді.

✅Мақсат – инфекцияның таралуын болдырмау, ақпараттандыру деңгейін арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

АИТВ туралы ақпараттық шара өтті

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан дүкендер мен “Ауыл-Береке” базарындағы ет павильонында ақпараттық іс-шарасын жүргізді.

📌 Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, жеке қорғану әдістері мен алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Шара барысында кәсіпкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, медицина мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер берілді.

“TEMІР ЛБ” ЖШС жұмысшыларымен кездесу өтті

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева “TEMІР ЛБ” ЖШС қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары мен ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

✅ Шара барасында ақпараттық парақшалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

АИТВ-ның алдын алу – әркімнің жауапкершілігі!

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары 2025 жылдың тамыз айында Тараз қаласында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

👩🏼‍⚕️ Психолог Г.Шамурзаева және мейірбикелер А.Кокибаева мен А.Науанова қала тұрғындары мен қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары мен ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық іс-шаралар келесі орындарда өтті:
📍 “Алатау” орталық әмбебап дүкені
📍 “Азаматтарға арналған үкімет”
📍 Стоматология, BB Customi
📍 “Kodac” фото салоны
📍 “Блинная”, “Кофе с собой”, “Канагат” кафелері
📍 “Lakme” сұлулық салоны
📍 Қала тротуарлары
📍 “Жасыл ел-Тараз” жұмысшылары

🔹 Ақпараттық парақшалар таратылып, жұртшылыққа АИТВ туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.

АИТВ – инфекциясынан сақ болайық!

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева және мейірбикелер А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.

📍 Іс-шара аясында Төле би көшесінде орналасқан келесі мекемелер қамтылды:
▪️ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫ әкімдігінің МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» КММ; Жилстройбанк; Нотариус кеңсесі; “DikS” ерлер киімі дүкені; “WEDRINK” кофеханасы; “ADILET” азық-түлік дүкені; “NAIL • STUDIo”; “Belle” сұлулық салоны

🔍 Қызметкерлер мен келушілерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қажетті кеңестер ұсынып, ақпараттық материалдар таратты.

АИТВ-ның алдын алу – әр адамның қолында!

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан “Ателье” тігін цехының қызметкерлеріне ақпараттық-насихаттау кездесуін өткізді.

📌 Шара барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жеке қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан сауалдарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.

Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының полиция қызметкерлеріне өткізілген іс-шара

​ 🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Т.Рысқұлов және Меркі ауданының полиция бөлімшесі қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұғу себептері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынды.
​ Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, инфекцияның алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды. Әсіресе, әрбір адамның өз АИТВ мәртебесін білуі – дерттің алдын алудағы маңызды қадам екені түсіндірілді.
​ ✅Кездесу соңында полиция қызметкері ерікті түрде АИТВ-ға тестілеуден өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков қызметкерден қан үлгілерін ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен алды. Нәтижесінде:Т.Рысқұлов ауданының полиция қызметкерлерінен 20 ИФТ, 8 ЭТ алынып, 15 дана ақпараттық парақша таратылды. Ал, Меркі ауданының полияция қызметкерлерінен 37 ИФТ, 1 ЭТ, 30 дана инфекциясының алдын алу және қорғану жолдары туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу

🔰 2025 жылдың 22 шілдесі күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

📚 Іс-шараға Абай атындағы кітапхана мамандары, орталық қызметкерлері, сондай-ақ қала жастары қатысты. Кездесу барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Бегманова Мереке Сабитовна АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары мен алдын алу тәсілдері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға ақпараттық-білімдік бүктемелер мен парақшалар таратты.

🧠 Психологтың баяндамасында жыныстық сауаттылықтың маңыздылығы, жауапты мінез-құлықтың қалыптасуы, репродуктивті денсаулықты сақтау, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүрудің қазіргі заманғы ерекшеліктері мен кемсітушілікпен күресудің жолдары кеңінен қозғалды. Қатысушылармен ашық пікір алмасу өткізіліп, жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, олардың жыныстық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өмірлік маңызды шешімдерді саналы түрде қабылдауға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулықты сақтау мен оның маңыздылығы туралы терең әрі жан-жақты ақпарат беру көзделді.

АИТВ-ның алдын алу шарасы жалғасын табуда

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне профилактикалық медициналық тексеру жүргізді.

🧪 Қызметкерлерден АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен (иммунды-ферменттік талдау) қан алу және жедел тестілеу ұйымдастырылды.

📍Шараның мақсаты — қызметкерлер арасында АИТВ-ны ерте анықтау және алдын алу.

✅Сонымен қатар орталық мамандары АИТВ-ның:
▫️ берілу жолдары
▫️ қорғану әдістері
▫️ ерте диагностикасының маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.