🔰Ағымдағы жылдың 12 наурызында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. Иргебаева №2 қалалық емханасының қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.
🔹Бұл семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, кемсітушілікті болдырмау үшін қоғамда түсіністік қалыптастыру.
🔹Семинар барысында Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ- инфекциясының қазіргі жағдайы мен оның таралуы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуалды сараптады. Дәрігер инфекцияның таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оларды қоғамда қабылдауға шақыру, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру және кемсітушілікті жою бойынша ұсыныстар айтты.
🔹Сонымен қатар, семинар қатысушыларына АИТВ- инфекциясынан сақтанудың жолдары, ерікті түрде тест тапсырудың маңызы, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру жайында ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысты.
№2 қалалық емханасынның қызметкерлеріне арналған семинар
