Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№50 орта мектебінде  АИТВ/ЖИТС алдын алу  бойынша дәріс өтті

16 қаңтар күні  Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына арналған АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша дәріс өтті. Бұл шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы нақты білім беру, дұрыс түсінік қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Дәріс барысында облыстық ЖИТС орталығының маманы М.Бегманова оқушыларға аталған дертпен күресудің маңызды аспектілері, оның алдын алу үшін сауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.