Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының медбикелері В. Мартынова және А. Никулина Тараз қаласындағы «Зерде» дәріханасында және оған іргелес аумақта тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері және уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Мамандар азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

Медициналық колледж студенттеріне аитв инфекциясының алдын алу жолдары түсіндірілді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медбикелері Нұргүл Бейсетаева мен Нұрдана Тоғанбай медициналық колледж студенттерімен АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан сақтанудың тиімді тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
Сонымен қатар студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық бүктемелер таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

15 маусым – Медицина қызметкері күніне орай Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Атаулы күн аясында медицина саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың қоғам денсаулығын сақтаудағы маңызды рөлі мен елеулі еңбегі ерекше атап өтілді.
Іс-шараны орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы ашып, ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде орталық қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегіне тоқталып, жылдар бойы қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ әріптестеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыс тіледі.
Салтанатты жиында бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Қалметова Гүлжан Алдабергенқызы сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, мерекелік лебізін білдірді.
Мерекелік шара барысында орталықтың бірқатар қызметкерлері кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының, «QazMed» салалық кәсіподағының және орталық әкімшілігінің марапаттарына ие болды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен эпидемиолог дәрігер Ахметова Гүлшат Төлегенқызы марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі эпидемиолог дәрігер Дулатбаева Сара Шадиярбекқызына табысталды.
Министрліктің Алғыс хатымен медбике Ізтілеуова Айнұр Абайқызы марапатталды.
Қазақ ғылыми дерматология және инфекциялық аурулар орталығының дипломымен Малимов Алтай Алмаханбетұлы марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен Абдымомынова Эльмира Төребекқызы, Мұхаметқалиева Мөлдір Нұртайқызы, Жүнісбекова Гүлнұр Сабырбекқызы және Иманбаева Гүлнұр Ерғалиқызы марапатталды.
«QazMed» медицина және оған сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Ниязалиева Фируза Асқарқызы, Малимов Алтайхан Алмаханбетұлы және Әушенова Қыз- Жибек Бекболатқызы марапатталды.
Аталған кәсіподақтың Алғыс хатымен Иргебаева Айгерім Умиргалиовна, Бер Эльвира Яковлевна және Тұрдымұратова Динара Әжімұратқызы марапатталды.
Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының Алғыс хатымен Қалметова Гүлжан Алдабергенқызы, Сатмаханова Ләйлә Ораққызы, Жадыраева Зухра Әбдібахқызы, Бердіш Нұрзада Беріктемірқызы, Рсымбетова Гүлжан Есенәліқызы, Богенбаева Перизат Бақытқызы, Сағынбек Салтанат Сағынбекқызы және Ибрагимова Эльвира Хароновна марапатталды.
Мерекелік іс-шара өнерпаздардың әсерлі әндерімен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен алғысқа лайық.

№7 гимназия ұжымына арналған АИТВ-ның алдын алу шарасы ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева №7 гимназия ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС бойынша еліміздегі және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет беріліп, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және дер кезінде тексерілудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің таралу жолдары мен олардан сақтану тәсілдері кеңінен талқыланды.
Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстану, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында гимназияның медициналық кабинетінде ИФТ әдісімен ерікті әрі құпия түрде тегін тексеру ұйымдастырылып, қатысушыларға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

“JAMBYL” телеарнасында ЖИТС орталығының мейіргерлері сұхбат берді

Бүгін, 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай “JAMBYL” телеарнасында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің мейірбикелері Қылышбекова Халида Сабыровна және Жүнісбекова Гүлнұр Сабырбековна сұхбат берді.
Сұхбат барысында мейіргер мамандығының қоғамдағы маңызы, медицина саласындағы мейіргерлердің жауапты қызметі, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды.
Мамандар күнделікті қызмет барысында пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде өз ойларымен бөлісті.

⬇️

https://www.instagram.com/reel/DYOjfPLScSk/?igsh=MTU1N2w5NzZtbGZ6Zw==

⬇️

https://www.instagram.com/reel/DYOjqo6S6yN/?igsh=MWxuYWY2NzlhY3NqNg==

№19 орта мектепте профилактикалық іс-шара өтті.

 

 

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Г.Шамурзаева мен А.Талапбек мектеп ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстандағы және өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ инфекциясын алдын алу туралы ақпарат беріліп, материалдар таратылды. Медицина қызметкерлері мектептің медициналық кабинетінде ерікті әрі құпия түрде тегін скринингтік тексеру ұйымдастырды.
Бұл шара қызметкерлерді жұмыстан бөлмей өткізіліп, көпшілікті қамтуға мүмкіндік берді және АИТВ-ға уақытылы тест тапсырудың маңыздылығын көрсетті.

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығында семинар ұйымдастырылды

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығы ЖШС базасында «Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингтен өткізу. АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Абдраманова Д.Е. жүргізді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен, АИТВ-ға тексерілуге жататын контингенттерді скринингтен өткізу тәртібімен және алдын алу шараларымен таныстыру.
Семинар барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
АИТВ/ЖИТС бойынша өңірлік және республикалық эпидемиологиялық жағдай
Нормативтік-құқықтық құжаттар
АИТВ-ға міндетті тексерілетін топтар, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың серіктестері
2024–2025 жылдардағы тестілеу нәтижелерінің салыстырмалы талдауы
АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде доконтактты және постконтактты профилактика
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу
АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

«ОЗАТ» жекеменшік мектебі оқушыларына АИТВ жөніндегі ақпараттық шара

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева және М. Бегманова Тараз қаласында орналасқан «ОЗАТ»
жекеменшік мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырыпты нақтылай түсу мақсатында танымдық бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тақырыпқа сай ойын ойнатылды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

 

«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Жамбыл облысында ақпараттық науқан жалғасуда.

Осы науқан аясында Тараз қаласының негізгі көшелерінде тұрғындардың назарын аударуға бағытталған әлеуметтік жарнамалар орналастырылды:
Төле би – Абай көшелерінің қиылысында орналасқан LED экраннан
➡️ «АИТВ-ға тест тапсырыңыз – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!»
деген бейнеролик көрсетілуде.

📍 Төле би – Желтоқсан көшелерінің қиылысында
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» деген ұран жазылған айналмалы жарнамалық тақта (призматрон) орнатылды.

Жамбыл – Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан сыртқы жарнама тақтасында
➡️ «Өз өміріңізді қауіпсіз етіңіз. АИТВ-ға тексеруден өтіңіз!» және
➡️ «Сделайте свою жизнь безопасной. Пройдите обследование на ВИЧ!»
деген екі тілдегі жарнама ілінді.

Ал Төле би – Жамбыл көшелерінің қиылысында
«АИТВ-ға тест тапсырыңыз – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!»
деген жазуы бар тағы бір сыртқы жарнама тақтасы орнатылды.

Бұл бастама – Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының тұрғындардың хабардарлығын арттыру және ерте тестілеуді насихаттау бағытындағы жұмысының бір бөлігі.

ЖИТС орталығы 42-мектепте семинар өткізді Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Тараз қаласындағы №42 орта мектепке барып, оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында танымдық семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайында ақпарат беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Кездесу барысында мамандар АИТВ туралы мифтер мен шындықты түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар ақпараттық буклеттер таратылып, жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және АИТВ-ның таралуының алдын алуға зор үлес қосады. #ЖИТСорталығы #АИТВ #Жамбылоблысы #42мектеп #Семинар #Денсаулық #АлдынАлу #СалауаттыӨмірСалты