Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психологы М.Бегманова Шөлдала ауылында орналасқан №59 орта мектебінің оқушыларына оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ оқушылардың осы мәселеге қатысты ақпараттық деңгейін арттыру. Дәріс барысында оқушыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Шараның тағы бір ерекшелігі-оқушыларға ойын жүргізу арқылы оларды бұл мәселеге қатысты дұрыс пікір қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізу болды. Мамандар ойын әдістерін қолдана отырып, жастардың арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, дұрыс шешім қабылдауға арналған жаттығулар өткізді.
Дәріс барысында оқушылар өздеріне қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, іс-шара соңында оқушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық бүктемелер таратылды.