Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының психолог маманы М.Бегманова №6 қалалық емханасына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапарының басты мақсаты-емхана деңгейінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және ақпараттық-танымдық жұмыстарды күшейту.
Сапар барысында олар АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. Мамандар емхана қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін атқарылып жатқан шаралар мен профилактикалық жұмыстарды қарастырды. Сонымен қатар, науқастармен тиімді жұмыс істеу жолдары, АИТВ-инфекциясын ерте анықтау және алдын алу шаралары туралы кеңестер берді.
Кездесу соңында емхана қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу, пікірлесу орын алып, АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күресте бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.