2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Осы апталық аясында Байзақ ауданында жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И.Досымова Байзақ ауданының колледж студенттеріне арнап «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Шара барысында жастарға бейнероликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс барысында студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹Гинеколог маман М.Қожахмет және Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Ж.Мырзаева апталықтың негізгі мақсатын түсіндіріп, жастар арасында жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
🔹Сондай-ақ, «Байзақ» жастар денсаулық орталығының психологы А.Смағұлова психоэмоционалды жағдайды тұрақтандыруға бағытталған тренингтер өткізіп, студенттердің өз денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға үлес қосты.
🔹Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын түсіндірді. Іс-шара аясында өз еркімен ниет білдірушілерден экспресс-тест алынып, ақпараттық бүктемелер таратылды.
🔹Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды ЖИТС -ке қарсы күресте бірлікке шақырды.
✅Бұл апталық – жастардың репродуктивті сауаттылығын арттырып, оларды физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан қолдауға бағытталған маңызды қадам.
🔰Жастар – жарқын болашақ кепілі
