Баспасөз релизі

Жыл сайын мамыр айының 3-ші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-нан қайтыс болғандарды еске алу күні. ЖИТС – әлемдегі ең басты мәселелердің бірі. 2019 жылы 19 мамыр күні «Өмір сүру үшін есте сақтау» ұранымен өтеді.

Қазіргі уақытта АИТВ жұқпасы халықтың кең топтары арасында белсенді түрде таралуда, жұғудан ешкім сақтандырылмаған. Әйелдерден, балалардан және жақсы отбасылардан АИТВ жұқтырған жас адамдардың саны өсіп келеді. АИТВ індеті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіреді және еңбекке қабілетті жастағы халық арасында демографиялық жағдайды шиеленістіреді.

Жамбыл облысында АИТВ жұқпасының мәселесі өзекті болып тұр, 2019 жылғы 30 сәуірде оң мәртебесі бар 1312 тұрғын анықталған. АИТВ жұқтырғандар 29,8%-зы біздің арамызда жоқ және әрбір 12 жағдайда өлімінің себебі ЖИТС болып отыр.

Соңғы уақытта облыста АИТВ індеті тағы да қарқын алып келеді, ай сайын 2-4 жаңа жағдай анықталады. Бұрынғысынша жұқтырудың жолы инъекциялық есірткілерді (51,4%) пайдалану басым болып қалады, сонымен бірге жыныстық жолмен жұқтырудың рөлі артуда (42,1%).

Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні – бұл қайтыс болған адамдарды еске алумен қатар, тірі адамдарға деген біздің махаббат бен қамқорлықты қажет ететінін түсінудің себебі болып табылады. Осы күнге орай, 16 мамыр күні ОЖИТСО Достық кабинетінде «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтеді, 17 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында (ОЖИТСО), 14 мамыр күні Жоғары политехникалық колледжде АИТВ – на жедел тестілеу мобильді пункті, 15 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. АИТВ тестілеуден өткендердің барлығы эпидемиолог дәрігерінен кеңес, ақпараттық білім беру материалдарын алады.

Бұл күн тірі адамдардың АИТВ індеті әрбір адамға қатысты болуы мүмкін екендігі туралы ой салады, салауатты өмір салтына талпынуға, адами құндылықтарды бекітуге, одан да көп адамдарға жұқтыруға жол бермеу үшін, ретсіз жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды жоққа шығаруға тырысу мүмкіндігі бар.