Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

30 Тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл!

⚜️Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

⚜️Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен салтанатты түрде ашылды. Одан кейін орталықтың бас дәрігерінің орынбасарының міндетін атқарушы Темірлан Тайчибеков құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол: «Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, ел бірлігінің бастауы. Осы құндылықтарды ұстана отырып, әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп келеміз. Денсаулық сақтау саласы – халыққа қызмет етудің биік үлгісі. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
⚜️Мерелік шара барысында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкері Мөлдір Мухаметқалиеваның Конституцияға арналған мазмұнды презентациясы ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізуші Гүлнұр Жүнісбекова қатысушыларға Конституцияға байланысты түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қызметкерлерге сыйлықтар табыстады.
⚜️Іс-шара соңында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкерлерінің орындауында патриоттық рухтағы «Атамекен» әні шырқалып, көрермендердің жүрегіне жылы әсер сыйлады.

🔰Мемлекетіміздің іргетасы – Конституциямыз берік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!