Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Әскери гарнизонда АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары өткізілді

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданына қарасты Луговой гарнизонында орналасқан танк батальоны, жаяу әскер және барлау бөлімшелерінде қызмет ететін 500-ден астам әскери қызметшінің арасында ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова қатысып, әскери қызметшілерге АИТВ-инфекциясының таралуы, жұғу жолдары мен сақтану шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
🔹Кездесу барысында әскери қызметшілерге инфекцияның жұғу жолдары жөнінде толық ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы да сөз қозғалды.
🔹Іс-шара аясында АИТВ-ға тестілеу ұйымдастырылып, Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков 234 әскери қызметшіден ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен қан алды. Қосымша 71 қызметкерге жедел тестілеу жүргізілді. Бұл тестілеулер инфекцияны ерте анықтап, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
🔹Шара соңында әскери қызметшілерге 80 дана ақпараттық парақша таратылып, олар өз сауалдарына мамандардан нақты әрі жан-жақты жауап алды.
✅Әр азаматтың денсаулығы – қоғам байлығы. Сондықтан алдын алу шараларына белсенді қатысу – әркімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігі.