🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева мен мейірбике А.Кокибаева Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 28903 әскери бөлімінде іс-шара өткізді.
🔹Іс-шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және ерте анықтаудың артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, әскери қызметкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы атап өтілді.
✅Мақсат – инфекцияның таралуын болдырмау, ақпараттандыру деңгейін арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.