АИТВ – адамның ағзасына қан, жыныстық жол, немесе анадан балаға тігінен берілу арқылы жұғады.
Бірақ қол алысу, құшақтасу, жалпы ыдыс, спортпен айналысу немесе жәндік шағу арқылы АИТВ жұқпайды.
Білесіз бе?
АИТВ-ны тек ИФТ әдісімен қан нәтижесін тексеру және жедел тест арқылы анықтауға болады.
Сырт келбеттен білу мүмкін емес!
Егер вирус ерте анықталса – өмірді толық, әрі сапалы жалғастыруға болады.
Арнайы дәрі-дәрмектер АИТВ-ның дамуын тоқтатады.
АИТВ оң нәтижелі анадан баласына жұғуы мүмкін, егер анасы дұрыс ем қабылдаса бұл қауіптің алдын алуға болады!
АИТВ-дан қалай сақтануға болады?
Әрқашан мүшеқап қолдан
Тек таза инъекциялық құралдар пайдалан
Татуировка, пирсинг жасатқанда – құралдардың тазалығына көз жеткіз
Медициналық тексеруден уақытында өт
АИТВ туралы нақты ақпарат ал!
АИТВ жұқтырған адам – қоғамнан шеттетілмеуі тиіс.
Олар да толық өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, отбасын құруға құқылы.
АИТВ-ға тегін және анонимді түрде тексеріл:
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №64/Г.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы.