Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарында қала тұрғындарына арналған ақпараттық акция өткізді.
⠀
🔹 Іс-шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен сақтану тәсілдері түсіндірілді.
⠀
📄 Сонымен қатар, арнайы ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылып, жұртшылықтың сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.
⠀