🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобилді тобы Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық іс-шарасын өткізді.
🔹Шара барысында ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 19 қатысушылардан ИФТ сынамасы үшін қан алынып, 1 қатысушы жедел тест тапсырды. Қан алынған қызметкерлерге сынама нәтижелері жеке түрде беріледі, ал қажет болған жағдайда қосымша кеңестер мен денсаулық сақтау шаралары ұсынылатын болады.
АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық іс-шарасы өтті
