Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ – инфекциясын алдын алу бойынша семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының алдын алу, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Семинарға орталықтың эпидемиолог-дәрігері С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева қатысып, АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты мәлімет берді. Мамандар инфекцияның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, ерте диагностика және қоғамдағы стигма мен кемсітушілік мәселелері жөнінде нақты әрі түсінікті ақпарат ұсынды.
🔹Семинар барысында АИТВ-ны ерте анықтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Уақытылы басталған антиретровирустық терапия науқастың өмір сүру сапасын арттырып, инфекцияның әрі қарай таралуын азайтуға мүмкіндік береді.
🔹Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамда қалыптасқан жағымсыз көзқарастар да талқыланды. Мамандар бұл мәселеге ашық қарап, кемсітушілікті болдырмау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.
✅Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы тағы да атап көрсетілді.