Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

 АИТВ-инфекциясының алдын алу мен эпидемиологиялық бақылау бойынша  облыстық семинар-кеңес өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 2024 жылы облыс аумағында АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алу және эпидемиологиялық қадағалауды күшейту мақсатында «Гемотрансфузия және трансплантация алған реципиенттердің стационарлық бейіндегі медициналық мекемелерде АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп- қарау тәртібі» атты семинар-кеңес өтті.Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гулжан Қалметова ашып, қатысушыларды маңызды тақырыппен таныстырды.Семинар барысында облыс бойынша 2024 жылғы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Индира Досымова Жамбыл облысының аудандары бойынша халықты АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтудың көрсеткіштерін баяндап, осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері  Гулшат Ахметова трансплантация және гемотрансфузиядан кейін реципиенттерді стоционарлық бейіндегі медициналық мекемелерде АИТВ – инфекциясының болуына тексеру маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, емдеу-алдын алу мекемелерінің реципиенттермен жұмысы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясына дұрыс тексерілмеу  жағдайлары талданды.Емдеу-алдын алу мекемелерінің реципиенттермен жұмысы, 2024жылдың қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясына дұрыс тексерілмеу жағдайларын талдау бойынша  реципиенттермен жұмыс бөлімі бойынша жауапты АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің медициналық статисті Ерлан Алимбетов сөйлеп, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалаудың жетілдірілген әдістері туралы түсінік берді.Семинар соңында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының медициналық мекемелерде тексерулердің сапасын арттыру, сондай-ақ, халықтың денсаулығын қорғау жолындағы бірлескен жұмыстың маңызы туралы ұсыныстар жасалды.