Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-ның алдын алу – әр адамның қолында!

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан “Ателье” тігін цехының қызметкерлеріне ақпараттық-насихаттау кездесуін өткізді.

📌 Шара барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жеке қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан сауалдарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.