Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ туралы ақпараттық шара өтті

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан дүкендер мен “Ауыл-Береке” базарындағы ет павильонында ақпараттық іс-шарасын жүргізді.

📌 Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, жеке қорғану әдістері мен алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Шара барысында кәсіпкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, медицина мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер берілді.