🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №38 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева және М.Бегманова жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімдерін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында психолог мамандары ң оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді ұсынып, адам ағзасына әсері және жұғу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жасады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.
🔹Кездесу кезінде бейнебаян көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Бұл оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне септігін тигізді.
🔹Г. Шамурзаева 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбы қозғалып, әр адамға құрметпен қарау, адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
алауатты ұрпақ – 2025: Жастар арасында маңызды ақпараттық дәріс өтті
