Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар ұйымдар мен кәсіпорындарды аралап, тұрғындармен алдын алу шаралары бойынша кездесулер өткізді.
🔹 QazPost, Отбасы банкі, ForteBank, “Make Smile” стоматологиясы, “Еркебұлан” зергерлік салоны және басқа да сауда орындарында өткен іс-шара барысында жұқпаның таралу жолдары мен қорғану әдістері түсіндірілді.
📄 Келушілерге ағартушылық мазмұндағы парақшалар таратылып, мамандар сауалдарға жауап беріп, кеңес ұсынды.