Ағымдағы жылдың 3 наурызында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында облыстың денсаулық сақтау мен білім саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Кеңес отырысында алғашқы болып партия филиалының төрағасы кіріспе сөз сөйледі. Одан кейін облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасы басшылары, сондай-ақ облыстық Полиция департаменті өкілдері де сөз алды.
Кеңеске қатысушылар арасында сұрақ-жауап кезеңі өтіп, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Айтылған өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Сондай -ақ, білім және денсаулық сақтау саласындағы басқа да маңызды мәселелер талқыланды.  
Кеңес барысында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Б.Қыдырбаев АИТВ -инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаражат бөлу мәселесін жан-жақты баяндады.
Бағлан Джарлықасынұлы облысымызда АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын алу шаралары маңызды рөл атқаратынын атап өтті. -АИТВ-инфекциясын алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары инфекцияның таралуы төмендегенімен, облыстағы бірқатар өңірлерде әлі де бұл мәселеге қатысты белсенді жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті, бұл аурумен күресте Үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарту туралы ұсынысын жеткізді.
Осы мақсатта «AMANAT» партиясы атқаратын шаралар туралы кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, оны іске асыру жолдарына қатысты қолдауларын білдірді.
Іс-шараны қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы аталған мәселелерді қолдап, оларды алдағы уақытта мәслихат депутаттарына ұсынылатындығын мәлімдеді.