Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Келешек-Тараз ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейінің білімгерлеріне ақпараттық іс- шарасын өткізді.
Бұл шараның мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясының таралуы, оны алдын алу бағытындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Шара барысында мамандар білімгерлерге АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, мамандар студенттерге АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге шақырып, тестілеуді ерікті және құпия түрде өту мүмкіндіктерін ұсынды.