🔹Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары “Астана” колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Семинардың басты мақсаты — жастар арасында АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру.
🔹Іс-шараға орталықтың психолог маманы М.Бегманова және мейірбике А.Кокибаева қатысты. Семинар барысында М.Бегманова АИТВ инфекциясының ерекшеліктері, жұғу және жұқпау жолдары, қорғану тәсілдері және стигмамен күрес туралы кеңінен баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берді.
✅Ал, мейірбике А.Қокыбаева семинар қатысушыларына АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы ақпараттық бүктемелер мен танымдық материалдар таратып, әрбір қатысушының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңызын атап өтті.