Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖД 158/7 түзету мекемесі

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ЖД 158/7 түзету мекемесінде дәрігер-эпидемиолог Когай.В.Г., Кетпенбаев С.А “Ашық есік” күні откізілді.

Оқушыларға арналған дәріс

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай №48 орта мектеп оқушыларына дәрігер-эпидемиолог С.Кетпенбаев “Ашық есік” күні өткізілді. Қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылды.

Меркі ауданына жоспарлы мониторигтік іс-сапар

2023 жылдың 18-19 ші мамырында консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Меркі ауданына жоспарлы мониторингтік іс-сапар жүргізілді. Топ құрамына Жамбыл  облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Тұрғынбаева А.Д., Ахметова Г.Т., Токбураева С.Д. Орталық аудандық ауруханасына, АИТВ жұқтырғандардың алдын алу, анықтау және емдеу бойынша және клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша халықты зерттеу, жастармен, жүкті әйелдермен, негізгі топтармен, жұмыс жүргізу туралы семинар өткізілді.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ашық кездесу өткізілді.

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай “Жамбыл жоғары медициналық колледжінде» дәрігер-эпидемиолог А.Тұрғынбаева мен медбике Б.Салменбаева ашық кездесу өткізді. Қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылды.

 

Хабарландыру!

15.05.2023ж.

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы 2023 жылдың маусым айының 1-ші жұлдызы мен 30-шы жұлдызы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.

Тараз қаласы “Тараз-Ғасыр” колледжінде, халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні.

Жамбыл облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамыны Досымова И.М. Тараз қаласы “Тараз-Ғасыр” колледжінде, халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсаты – АИТВ/ЖИТС-тың таралуы, АИТВ жұқпасы бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болып табылатындығы айтыла келіп, студенттерге дәріс оқыды. Қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылды.

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды халықаралық еске алу күні.

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды халықаралық еске алу күні Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде өткізіледі.
Ол алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) ұйымдастырылды және әлемдік қоғамдастықтың назарын осы аурумен байланысты әлеуметтік және экономикалық
мәселелерге аударуға арналған.

Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты – АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген адамдарға бұл жағдайдың әрқайсысының басынан
өтуі мүмкін екендігіне ойлануға, сонымен қатар осы аурудың қармағында кеткен адамдарды еске алуға, АИТВ/ЖИТС ауруымен өмір сүріп жатқан достарымыз бен
жақын адамдарымызға қолдау көрсетуге, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Жуалы ауданына жоспарлы мониторингтік іс-сапар

2023 жылдың 10-11 ші мамырында консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жуалы ауданына
жоспарлы мониторингтік іс-сапар жүргізілді. Топ құрамына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Токбураева С.Д., Ахметова Г.Т.,
Кетпенбаев С.А. Орталық аудандық ауруханасына, АИТВ жұқтырғандардың алдын алу, анықтау және емдеу бойынша және клиникалық-эпидемиологиялық
көрсеткіштері бойынша халықты зерттеу, жастармен, жүкті әйелдермен, негізгі топтармен, жұмыс жүргізу туралы семинар өткізілді.

12 Мамыр-Халықаралық медбикелер күні!

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейірбикелер күні атап өтіледі. Мейірбикелер / мейіриелер – Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең басым санатын құрайды. Дәл осы мейірбикелер мен мейіриелер пациенттерді күтеді, дәрігерге дейінгі көмек береді, операция кезінде дәрігерлерге көмек көрсетеді және құжаттарды жүргізеді. Халықаралық мейірбикелер күні – бұл мейірбикелер мен мейіриелерге еңбегі үшін алғыс білдірудің тағы бір себебі. Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық тілейміз, мейірімдеріңіз бен өзгелерге жасаған қамқорлықтарыңыз өздеріңізге мың мәрте оралсын!