Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жуалы ауданына жоспарлы мониторингтік іс-сапар

2023 жылдың 10-11 ші мамырында консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жуалы ауданына
жоспарлы мониторингтік іс-сапар жүргізілді. Топ құрамына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Токбураева С.Д., Ахметова Г.Т.,
Кетпенбаев С.А. Орталық аудандық ауруханасына, АИТВ жұқтырғандардың алдын алу, анықтау және емдеу бойынша және клиникалық-эпидемиологиялық
көрсеткіштері бойынша халықты зерттеу, жастармен, жүкті әйелдермен, негізгі топтармен, жұмыс жүргізу туралы семинар өткізілді.

12 Мамыр-Халықаралық медбикелер күні!

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейірбикелер күні атап өтіледі. Мейірбикелер / мейіриелер – Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең басым санатын құрайды. Дәл осы мейірбикелер мен мейіриелер пациенттерді күтеді, дәрігерге дейінгі көмек береді, операция кезінде дәрігерлерге көмек көрсетеді және құжаттарды жүргізеді. Халықаралық мейірбикелер күні – бұл мейірбикелер мен мейіриелерге еңбегі үшін алғыс білдірудің тағы бір себебі. Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық тілейміз, мейірімдеріңіз бен өзгелерге жасаған қамқорлықтарыңыз өздеріңізге мың мәрте оралсын!

Мейірімді жан – мейірбике

Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында халықаралық мейірбикелер күні аталып өтеді. Бұл күні көпшілік ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіреді. Науқасқа дәрігердің нұсқауымен тексерілу үшін жолдама жазып беретін, өткізген сараптамаларға талдау жасайтын, екпесін салатын, қан қысымын да өлшей алатын сезімтал да сергек жанды мейірбикелердің аз кездеспейтінін ойға алғанда іштей қуанып қоясың. Осындай жанашыр жандардың бір өкілі – бүгінде Жамбыл облыстық ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылғы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының алдын алу бөлімінің мейірбикесі болып 20 жыл еңбек етіп жүрген ақ желеңді жан Айнур Изтилеуова.
Емделушілері «мейірімді мейірбике» атап кеткен Айнур 1999-2002 жылдар аралығында Жамбыл медициналық колледжін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Өз мамандығының бір ерекшелігі алдымен қамқорлықтан басталатынын, оның адам денсаулығы үшін қаншалықты қажеттігін терең түсінетіндіктен бе, күнделікті қайталанып отыратын осы бір істен әсте шаршап та, жалығып та көрген емес ол. Соңғы екі жыл аралығында мейірбикелермен жиі жолығып, олардың жұмысының күрделі екеніне куә болуға тура келгесін де Айнурдың алдына келген науқастарға қамқорлықпен, жанашырлықпен қарайтынының талай куәсі болғаным рас. Науқастанған үлкен-кішінің ойын іштей оқып, жағдайын көңіліне тоқып үйренген мейірбике бірін әкесіндей, бірін анасындай, болмаса аға, әпке, іні, сіңлісіндей жақын тарта жанашыр қалып танытып жататыны сүйсінтеді.

– Шындығы керек, қайсыбір науқастар дәрігердің белгілеген емін уақтылы алмай, дәрісін кезінде ішпей қалып жататыны бар. Сондайда ұрсып та алатынымды жасырмаймын, – дейді қашан көрсең де жымия күліп жүретін мейірбике.
Сонымен қатар, қанынан АИТВ инфекциясы табылғанын алғаш рет естіген адам көбіне қатты қобалжып, күйзеліске түседі дейді маман. Мұндай жағдайда адам өзін қалыпқа келтіріп толыққанды өмір сүруін жалғастыру үшін бойында жанашырлық пен мейірімділік қасиеттері бар мейірбикенің көмегі қажет.
Басты міндет – АИТВ вирусы таралуының алдын-алуен қатар оны жұқтырған науқастарды қоғамдық ортадан бөлектемей, қалыпты өмір сүруге бағыттау. Сондықтанда науқастардың өмірге құлшынысын арттырып, позитивті өмір салтын қалыптастыруда ертелі-кеш ерінбей еңбек етудеміз деп ағынан жарылды маман.
Мейірбикелердің әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Барлық жаны таза ақ желеңді мейірбикелерді шын көңілден келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз.

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы
4 мамырда 11:00-де ЖИТС орталығының қызметкерлері арасында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында
жалпыұлттық патриоттық дикант өткізілді.

МЕЙІРІМДІ МЕЙІРБИКЕ

Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Медицина саласында ерліктердің көпшілігін мейірбикелер жасайды десек артық айтпаймыз. «Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман. Соның бірі Жамбылдық Оксукбаевтар отбасында тәрбиеленген төрт баланың үлкені Дурия жас­тайынан арманшыл боп өсті. Мектепте ұстаздарынан алған тәлімін үйдегі ата-анасы берген тәрбиесімен ұштастырып, болашақта сенімді серік болатын мамандығын таңдады.
Әрине, ол мейірбикелік мамандық еді. Еркулова Дүрия Оксукбайқызы 1982 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Міне, еңбек пен талапты өміріне серік еткен жалынды жас мектепті тәмамдаған соң, 1999 жылы Жамбыл медициналық колледжіне «Мейіргер ісіне» құжат тапсырып, үш жыл бойы тәлім алып шығады.
Иә, «Армандар асқақ өмірге жетелейді» дегендей, Дүрия келешек өміріне серік етем деген мейірбикелік мамандығымен еңбек кітапшасының ақ парағына алғашқы жазуды салды. Бұл 2004 жылдың жазы еді. Міне, осы уақытқа да биыл 19 жыл толыпты. Бүгінде Жамбыл облыстық
ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылғы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының алдын алу бөлімінің мейірбике болып еңбек жолын жалғастыруда.
– Ақ жүректі, алақаны шипа, ауызынан шыққан әрбір сөзі дәрі болған Дүриядай медбикеден ем алған науқас ешқашан «мен емделмедім» деп реніш айтып келген емес. Әріптестеріне үлгі, шәкірттеріне ұстаз бола білген аялы алақан иесі біздің мақтанышымыз, – дейді алдын алу
бөлімнің меңгерушісі Мейіржан Ысқақ. Жүгі ауыр салада қалтқысыз қызмет етіп, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игі қызмет жасап жүрген медбике ісі қашанда сый-құрметке лайықты деп білеміз. Себебі, әрбір жанға медициналық көмек көрсетуде дәрігермен қатар,
медбикенің атқарар рөлі зор. Ол маман иелері денсаулық сақтау ісінің ажырамас бір бөлігі. Ендеше, денсаулық жаршысына айналған, адам өміріне арашашы, науқасқа ем сыйлаушы жандарды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарушы медбикелердің мәртебесі үстем болсын.

Жамбыл облыстық реципиенттерге семинар-кеңес өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 2023 жылдың 2 мамыр күні сағат 10:00-де ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы мақсатында облыстық, қалалық, аудандық емдеу алдын алу ұйымдарының ЖИТС жауыпты дәрігерлері және реципенттерге жауапты дәрігерлермен «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСН 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020
бұйрығына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша реципиенттерді АИТВ жұқпасына тексеру, медицина ұйымдарында жұмысты жандандыру және 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар» атты семинар өткізілді.

Қордай ауданына жоспарлы мониторингтік іс-сапар

2023 жылдың 25-27 ші сәуірінде консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қордай ауданына жоспарлы мониторингтік іс-сапар жүргізілді.

Топ құрамына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Когай В.Г., Сметова К.Е., Кетпенбаев С.А. Қордай аудандық орталық ауруханасына, АИТВ жұқтырғандардың алдын алу, анықтау және емдеу бойынша клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша халықты зерттеу, жастармен, жүкті әйелдермен, негізгі топтармен, жұмыс жүргізу туралы семинар өткізілді.

Ересектердегі АИТВ-инфекциясы

  1. АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ жұқтырған адамдарды АИТВ-мен өмір сүрушілер деп атайды. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды.
    АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады. ЖИТС (СПИД )- жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезеңде науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруіне ағза қолайлы болып табылады. Яғни туберкулез,онкологиялық аурулар, пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды. АИТВ инфекциясының қоздырғышының
    жұқтыру қаупі жоғары адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарына қан, әйелдің қынап сұйықтығы,ерлердің шәуеті, ананың сүті жатады.
    Сондықтанда АИТВ-ң негізгі үш жұғу жолдары анықталған.
    -Қан және оның компонеттері арқылы
    -Қорғалмаған жыныстық жол арқылы
    -Анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.
  2. АИТВ–ға антиденелерді анықтау үшін экспресс-тесттер (оларды «қарапайым» немесе «жылдам» тесттер деп те атайды) – бұл 40 минуттан аз уақыт ішінде арнайы жабдықсыз жасауға болатын тесттер. «Қарапайым» немесе «жылдам» тесттердің қолданылу аясы:
  • босану алдындағы кезеңде АИТВ-мәртебесі белгісіз жүкті әйелдерді тестілеу (босану кезінде АИТВ-инфекциясының дәрі-дәрмектік профилактикасын тағайындау үшін);
  • медициналық араласуларды орындау кезінде авариялық жағдай болған жағдайда АИТВ-ға тестілеу (медицина қызметкерге жанасудан кейінгі дәрі-дәрмектік профилактика туралы шешім қабылдау үшін);
  • шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде тәуекелі жоғары топтарға жататын, АИТВ-ға зерттеліп-қараудан өтпейтін адамдарды тестілеу үшін. «Қарапайым» немесе «жылдам» тестілерді қолдана отырып, АИТВ-ға әрбір зерттеу классикалық иммуноферменттік талдау (ИФТ)
    және иммундық блоттинг (АҚ) әдістерімен қанның сол порциясын міндетті түрде қатар зерттеумен сүйемелденуі тиіс.

АИТВ-ны алдын алудың негізгі қағидалары қауіпсіз және жауапты мінез-құлық, салауатты өмір салты болып табылады. АИТВ-инфекциясының таралуын бәсеңдетуге бағытталған басты стратегия әлі де кеңінен насихаттау болып отыр. АИТВ-ның берілу жолдары тұрғындармен жастардың арасында алдын алу шаралары туралы ақпараттар тарату, дәрістер, ақпараттық акциялар өткізу, әлеуметтік желілерде роликтерді жариялау және т. б. арқылы жүргізіледі. 2030 жылға қарай ЖИТС індетін тоқтату – тұрақты даму мақсаттарының тізіміндегі міндеттердің бірі, ол 2016 жылы Бас Ассамблеяда бірауыздан қабылданды. Бұл үшін біз «2030 жылға қарай АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары нөл»деп қойылған міндетке қол жеткізу үшін барынша күш салатын боламыз.

АИТВ инфекциясы және жастар

Адамның денсаулығы адам өміріндегі ең құнды байлық. Бірақ осы денсаулықтың қадірін жас кезімізде бағаламай, немқұрайлылық танытып, мән бермей жүре береміз. Әсіресе жастар жас кезінде жат қылықтарға әуес болып соңы өкінішке әкеліп жатады. Қазіргі кезде жастар арасында түрлі кеселдердің өршіп, кең етек алып бара жатырғаны байқалады. Аурудың түрі қаншалықты көбейген сайын, сол ауруға қарсы дәрі-дәрмектер де көптеп шығарылуда. Қанша дәрі ішкенменде адамның табиғи иммунитетіне жете алмайды.

Қазіргі кезеңде жастар арасында түрлі жұқпалы аурулар кең етек алуда. Солардың бірі Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) немесе жұқтырылған иммунитет тапшылық синдромымен (ЖИТС ) сипатталатын өте ауыр ағымды жұқпалы аурудың қоздырғышы болып табылады.
Бұл ауру және оның қоздырғышы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында белгілі бола бастағанымен, аз уақыт аралығында әлемнің көп елдеріне тарап, пандемиялық сырқаттар қатарынан орын алуда. ЖИТС – өте қауіпті жұқпалы ауру, көбінесе еңбекке қабілетті және адам өсімін беретін жас адамдарды жарақаттайды. Ауру ұзақ уақыт дамиды және өліммен аяқталу көрсеткіші өте жоғары.

Алғашқыда ауру қоздырғышы вирус ағзаға енгеннен кейін клеткалар бетіне сорылып,
біртіндеп ішіне ауысады да ядроның генетикалық кодына орналасады және ұзақ уақыт адам организмінде жасырын сақталады. АИТВ инфекциясы адаммен құшақтасқанда, амандасқанда,сүйіскенде, жөтелгенде, суға түскенде , тұрмыстық заттарын қолданғанда жұқпайды.
АИТВ инфекциясына қарсы вакцина шыққан жоқ, тек антиретровирусты препараттар бар. Ол препараттар ағзадағы вирустың көбеюіне жол бермей бір қалыпта ұстап түрады. Ең өкінішітісі АИТВ-ға шалдыққандар өмір бойына вирусқа қарсы препараттарды қабылдайды. Қазір жалпы қоғам болып бұл індеттің алдын алу шараларын насихаттау арқылы күресіп келеміз. Әсіресе жастар арасында көбірек үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан жастарға айтарымыз зиянды әдеттерден аулақ болып, жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстайық. Бір мезеттік сезімге беріліп,
өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық. Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеп ағзамызды нығайтып дені сау ұрпақ әкелуге, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық.

«Абайлаңыз, АИТВ»

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

18 сәуір күні, сағат 15:00-де Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу
және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігерінің медициналық бөлім медициналық қызмет көрсету
сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Жетібаева А.Б. «Абайлаңыз, АИТВ!»
тақырыбында instаgram «zhambyl_ocspid» парақшасында тікелей эфирде онлайн дәрігерлік кеңес береді.
Сұрақтарыңыз болса тікелей эфирге жазып отырсаңыздар болады.