Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Аутрич жұмыскерлері жұмысқа алынды

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына 2025 жылға 12 аутрич жұмысқа қабылданды. Олар халықтың негізгі топтары бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтті. Аутрич жұмыскерлері «ИЕТА», «СЖ», «ЕЖЕ» топтары бойынша жұмыс жасайды. Әрбір топ облыс аумағында АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату және оның алдын алу бойынша кешенді шараларды өткізеді.
🔹Жұмысқа қабылдау барысында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова аутрич жұмыскерлеріне жұмыстың маңыздылығы мен қоғамға тигізетін әсерін түсіндірді. Оның айтуынша, аутрич жұмыскерлері халық арасында АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары бойынша ақпарат тарату, алдын алу шараларды ұйымдастыру және сауаттылықты арттыру бағытында маңызды рөл атқарады.
🔹Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова аутрич мамандарына АИТВ-инфекциясының таралуы, алдын алу әдістері және аймақтық ерекшеліктер туралы ақпарат берді.
Жұмысқа қабылданған аутрич жұмыскерлері келісім-шарттармен танысып, олардың міндеттері мен құқықтары, жауапкершіліктері туралы ақпаратпен танысты.
✅Жалпы, 2025 жылы жұмысқа алынған аутрич жұмыскерлерінің облыс бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға зор үлес қосады деп күтілуде.