Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек мектебінде ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманованың қатысуымен Бірлесу-Еңбек ауылында орналасқан Бірлесу-Еңбек мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды мәліметтер берілді.
Дәрістен кейін оқушылармен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.