Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Бірқатар нысандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева, медбикелер А.Кокибаева мен А.Науанова Тараз қаласындағы Самал мөлтек ауданында орналасқан бірқатар қоғамдық және кәсіпкерлік нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жеке сақтану әдістері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.

Тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан қажетті кеңестер ұсынылды.