Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Семинар по вопросам профилактики ВИЧ/СПИД

🔹26 июня 2025 года в Медицинском центре ТОО «Брак и семья» прошёл обучающий семинар на тему:
«Эпидемиологическая ситуация по ВИЧ/СПИД в РК и Жамбылской области. НПА по ВИЧ/СПИД. Скрининг населения на ВИЧ-инфекцию. Профилактика ВИЧ/СПИД».
🔹Цель мероприятия — ознакомить участников с текущей эпидемиологической обстановкой по ВИЧ-инфекции в стране и регионе, новыми нормативно-правовыми актами, контингентами, подлежащими обследованию на ВИЧ, а также с методами профилактики ВИЧ/СПИД.
🔹Семинар провела врач-эпидемиолог отдела эпидемиологического надзора за ВИЧ-инфекцией Жамбылского областного центра по профилактике и борьбе со СПИД Абдраманова Д.Е.
🔹В ходе семинара были рассмотрены следующие вопросы:
​•​Эпидемиологическая ситуация по ВИЧ/СПИД в РК и Жамбылской области;
​•​Обзор нормативно – правовых актов по ВИЧ/СПИД;
​•​Обследования на ВИЧ/СПИД подлежащих контингентов;
​•​Отчетная форма №2: результаты тестирования за 5 месяцев 2025 года в сравнении с аналогичным периодом 2024 года;
​•​Правила забора, хранения, транспортировки и доставки биоматериала на ИФА-исследование;
​•​Вопросы стигмы и дискриминации в отношении людей, живущих с ВИЧ;
​•​Профилактика профессионального заражения ВИЧ-инфекцией.
🔹Участникам была предоставлена возможность задать интересующие вопросы и получить разъяснения от специалиста.
🔹Семинар способствовал повышению уровня информированности медицинских работников и других участников в вопросах раннего выявления, профилактики и социальной поддержки в сфере ВИЧ/СПИД.

Жастармен маңызды кездесу

 

🔹«Жанұя» емханасының жанындағы Жастар денсаулық орталығында студенттер арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу тақырыбында тренинг өтті.

🔹Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова жүргізді.

✅Тренинг барысында жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және байланыстан кейінгі профилактика туралы маңызды ақпарат берілді.

АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратылды

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарында қала тұрғындарына арналған ақпараттық акция өткізді.

🔹 Іс-шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен сақтану тәсілдері түсіндірілді.

📄 Сонымен қатар, арнайы ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылып, жұртшылықтың сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

Медициналық қызметкерлерге семинар өтті

🔹«Жанұя» емханасының жанындағы Жастар денсаулық орталығында медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова өткізді.

🔹Семинар барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, эпидемиологиялық жағдай, кәсіби жұқтыру қаупі және байланыстан кейінгі профилактика бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар И.Досымова орталықтың 6 ай ішінде атқарған жұмыстары мен профилактикалық шараларының нәтижелерімен танысты.

📍Семинар аясында жастармен жұмыс істеудің тиімді жолдары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру және ЖИТС-тің алдын алудағы тәсілдерікеңінен талқыланды. Қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу арқылы кәсіби тұрғыда білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

АИТВ-ның алдын алу – жауапты таңдаудың бастамасы

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Қылыстық-атқару жүйесі комитетінің №26 мекемесінің қызметкерлерімен алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өткізді.

🔹 Шара репродуктивті денсаулықтың маңызын түсіндіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен АИТВ-дан сақтану жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар, В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу шаралары да айтылды.

📊 Мамандар жұқпалы дерттердің қазіргі ахуалы, таралу себептері және ерте анықтау мен емдеудің маңызын нақты мысалдармен түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

🛡 Қызметкерлер қорғану тәсілдері, жеке сақтық шаралары және салауатты өмір салты туралы мол ақпарат алды.

📄 Барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылып, жеке сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

🧪 Іс-шара аясында 24 қызметкерден ИФА әдісімен қан алынса, тағы 11 адам жедел тестілеуден өтті. Нәтижелер әр қызметкерге жеке түрде хабарланатын болады.

✅ АИТВ-дан қорғану – тек медициналық шара емес, бұл – әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі.

АИТВ инфекциясының алдын алу – медицина қызметкерлерінің басты назарында!

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаеваның қатысуымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. 📍

🔹Семинарда келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
✅ Авариялық жағдайлардың алдын алу және байланыстан кейінгі профилактика
✅ АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен клиникалық көріністері
✅ Кәсіби жұқтырудың алдын алу және емдеу қағидаттары
✅ АИТВ-ны ерте кезеңде анықтау

Жиын Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында өтіп, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері қамтылды.

📌 Сонымен қатар төмендегі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
• «АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу»
• «АИТВ/ЖИТС бойынша құқықтық актілер»
• «Кәсіби жұқтыру жолдарының алдын алу»

✅Семинар соңында қатысушылар маманға сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Үш өңірде жүргізілген биоповеденциялық зерттеу нәтижелері бойынша видеоконференция өтті

🔹Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы үш пилоттық облыста жүргізілген биоповеденциялық зерттеу нәтижелерін талқылауға арналған видеоконференция форматындағы кеңес ұйымдастырды.

✅Видеоконференция жұмысына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары да Zoom платформасы арқылы онлайн түрде қатысты.

🔰 АИТВ-дан сақтану – жауапты өмір салтының кепілі

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№25 мекеме» қызметкерлерімен ақпараттық-алдын алу бағытында кездесу өткізді. Шараның мақсаты – 🔹Семинардың негізгі мақсаты – репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) алдын алу жөнінде кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ қауіпті вирустық гепатиттердің (В және С түрлері) таралуының алдын алу.

🔍 Мамандар қызметкерлерге АИТВ-ның қазіргі таралу үрдісі, қауіп факторлары, дер кезінде анықтау мен ем қабылдаудың маңыздылығы жайында нақты деректер келтіріп, сұрақ-жауап жүргізді. Әсіресе, қорғану шаралары мен салауатты өмір салтының АИТВ-дан сақтанудағы рөліне баса назар аударылды.

📚 Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар – жадынамалар мен парақшалар таратылып, әрбір қызметкердің жеке сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

✅ Шара аясында 54 қызметкерден ИФА әдісімен (иммуноферменттік талдау) қан үлгісі алынып, қосымша 8 адам жедел тестілеуден өтті. Зерттеу қорытындылары жеке тәртіпте хабарланатын болады.

🛡 Денсаулық – басты байлық. Ал АИТВ-дан қорғану – өз өмірімізге деген жауапкершіліктің көрінісі. Қауіптің алдын алу – әр азаматтың қолынан келеді.

Жемқорлыққа -жол жоқ!

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыс жүргізілуде. Мекеме қызметкерлеріне жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдары түсіндірілуде.

🔹Осыған орай, орталықтың комплаенс маманы Мадина Есдәулетова АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық қадағалау бөлімі қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

✅Мақсат – әрбір қызметкердің құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен әділдікке негізделген орта қалыптастыру.

📍Құрметті әріптестер! Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша кеңес қажет болса, комплаенс офицеріне тікелей хабарласыңыз. 📲Бірге – таза қоғам құрамыз!

🔰 АИТВ-ның алдын алу – әркімнің қолында!

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жылжымалы тобы мамандары Тараз қаласындағы Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің «№59 мекеме» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС індетінің таралу жайы, жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

📚 Қатысушыларға арнайы дайындалған парақшалар мен жадынамалар таратылды.

✅ Сонымен қатар, 46 қызметкерден ИФА әдісімен қан талдауы алынып, 2 адам жедел тесттен өтті. Нәтижелер жеке түрде хабарланатын болады.

🛡 Сақтану – салауатты өмір салтының негізі!