Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мобильді топ – «Бек» базарында

🔹2025 жылғы маусым айының басында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы ірі сауда орындарының бірі – “Бек базарында” АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
🔹Іс-шара барысында базар саудагерлері мен келушілерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ерте анықтаудың маңыздылығы және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мобильді топ мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тақырып аясында кеңес берді.
🔹Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ туралы маңызды мәліметтерді қамтитын ақпараттық бүктемелер, парақшалар мен жадынамалар таратылды. Бұл материалдар АИТВ инфекциясы жайлы кеңірек ақпарат алуға және қауіптің алдын алуға көмектеседі.

“Сауран” медициналық орталығында семинар өтті

🔰“Сауран” медициналық орталығында “ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ / ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ / ЖИТС бойынша НҚА. АИТВ-инфекциясына халықтың скринингі. АИТВ/ЖИТС алдын алу” тақырыбында семинар өтті.

🔹Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралуы, жаңа нормативтік-құқықтық актілер, халықтың түрлі топтарының АИТВ-ға тексерілуі мен алдын алу шараларымен таныстыру болды.

🔍 Семинар бағдарламасы аясында мынадай өзекті мәселелер қозғалды:
• ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы;
• АИТВ / ЖИТС бойынша жаңа нормативтік-құқықтық актілер;
• Реципиенттерді, жүкті әйелдерді және олардың серіктестерін тексеру;
• 2025 жылдың алғашқы 4 айындағы тестілеу нәтижелері (№2 есеп нысаны бойынша);
• Биоматериалды алу, сақтау және зертханаға жеткізу тәртібі (аналитикаға дейінгі кезең);
• Стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес;
• Кәсіби инфекциялардың алдын алу жолдары.

🔹Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері Д. Е. Абдраманова жүргізді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, АИТВ/ЖИТС бойынша маңызды мәліметтермен танысты.

“ANSAR HOMEWARE” сауда орталығында ақпараттық іс-шарасын өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласындағы “ANSAR HOMEWARE” сауда орталығында ақпараттық іс-шарасын өткізді.
🔹Мобильді топ инфекцияның таралу жолдары мен сақтану тәсілдерін түсіндіріп, ерте анықтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілік мәселелері қозғалды. Психологтар кәсіби кеңес беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
✅Шара соңында қатысушыларға орталыққа келіп, ИФТ әдісімен тегін қан тапсыруға болатынын айтып, ақпараттық материалдар таратылды.

АИТВ инфекциясын алдын алу – ортақ міндетіміз!

 Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары  Тараз қалалық электр жүйелері – «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді.

Шара барысында орталықтың мобильді тобы ұжыммен кездесіп, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес тақырыптары да қозғалды.

Орталықтың психологтары Г. Шамурзаева мен М. Бегманова қатысушыларға кәсіби кеңес беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызына тоқталды.

Шара соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясына ИФТ әдісі арқылы тегін қан тапсыруға болатыны жайлы ақпарат беріліп, ақпараттық бүктемелер таратылды. Қойылған барлық сұрақтарға мамандар толық жауап берді.

АИТВ инфекциясын ерте анықтау – өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаудың ең тиімді жолы.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 4 маусымда Жамбыл облыстық иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын барысында орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың патриоттық борышы екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның – еліміздің егемендігі мен тұтастығының нышаны екені, олардың тарихы мен маңызы туралы айтылды.

Іс-шара елжандылықты арттыру, мемлекеттік нышандарға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, қатысушылар рәміздерге деген құрметтерін білдірді.

Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен М.Бегманова Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу және қорғану әдістері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
🔹Іс-шараның басты мақсаты – АИТВ жөнінде қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру, кемсітушілік пен стигманың алдын алу және халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру болды.
Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының адам ағзасына әсері, дер кезінде анықтау мен емдеудің жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ерте диагностиканың маңыздылығы, аурудың алдын алу тәсілдері мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
✅Іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылды.

Кәсіподақ жиналысы өтті

🔹2025 жылғы 30 мамырда сағат 15:00-де кәсіподақ жиналысы өтті. Жиын барысында 2025–2030 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың жобасы қаралды. Құжатқа енгізілген өзгерістер қызметкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, жетілдіру үшін қатысушылардың назарына ұсынылды.
🔹Кәсіподақ комитетінің төрайымы Л. Сатмаханова әріптестерден құжатпен мұқият танысып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жолдауды сұрады.
🔹Сонымен қатар жиналыс барысында кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары лауазымына кандидатура ұсынылып, ашық дауыс беру жүргізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша клинико-диагностикалық зертханасының мед.тіркеушісі А.Базарбай ең көп дауыс жинап, кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары болып сайланды.
✅Жиын қорытындысы бойынша ұжымдық шартқа қатысты ұсыныстар жинақталып, талдау үшін тіркеуге алынды.

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығында семинар өтті

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығында «Эпидемиологиялық жағдай және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекцияның таралу деңгейімен, АИТВ инфекциясына қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілермен, халықты скринингтік тексерумен және аурудың алдын алу шараларымен таныстыру.

Семинар барысында Дүйсенкуль Ескермесовна баяндама жасап, АИТВ инфекциясының қазіргі ахуалына, оның таралу себептері мен сақтану жолдарына тоқталды.

Іс-шара қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша көптеген өзекті сұрақтар қойылды. Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық іс-шарасы өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобилді тобы Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық іс-шарасын өткізді.
🔹Шара барысында эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева АИТВ/ЖИТС бойынша дүние жүзіндегі сондай-ақ, Қазақстан мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтыру жолдары, оның алдын алу шаралары түсіндіріп, инфекцияның денсаулыққа тигізетін әсері туралы баяндады.
🔹Сонымен қатар ЖИТС орталығының мамандары 48 қатысушылардан ИФТ сынамасы үшін қан алынса, 6 қатысушыдан жедел тест алды. Қан алынған қызметкерлерге сынама нәтижелері жеке түрде беріледі, ал қажет болған жағдайда қосымша кеңестер мен денсаулық сақтау шаралары ұсынылатын болады.