Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Марапат

🔰Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының құрылғанына биыл 35 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай, орталық ұжымы бірқатар сала қызметкерлеріне алғыс білдіріп, арнайы марапаттар табыстады.
🔹Шара барысында орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Қалметова сөз алып, АИТВ инфекциясының алдын алу, оны ерте анықтау және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан бірлескен жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Гулжан Алдабергенқызы өзара тиімді әріптестік орнатқан облыстық, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың бірқатар қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ЖИТС орталығының арнайы төсбелгісі мен Алғыс хаттарын табыстады.
✅Бұл марапат – АИТВ инфекциясымен күрестегі жанқиярлық еңбектің, үздіксіз кәсіби дамудың және қоғамдық денсаулықты қорғауға қосылған өлшеусіз үлестің нақты дәлелі.

Жамбыл облысында АИТВ инфекциясын кеш анықтау мен биоматериал алу тәртібі бойынша семинар өтті

🔹2025 жылғы 30 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «АИТВ инфекциясының кеш анықталу жағдайларын зерттеп-қарау тәртібі. АИТВ-инфекциясының бар болуына биоматериал алу ережесі» атты семинар өткізілді.
🔹Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы тәжірибелік дәрігер меңгерушілері мен ЖИТС бойынша жауапты медицина қызметкерлері қатысты.
🔹Семинарды орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Қалметова ашып, қатысушыларды семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды.
🔹АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Г.Ахметова облыста жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық зерттеулер туралы баяндап, АИТВ-ның алдын алу бағытындағы шаралардың тиімділігіне тоқталды.
🔹Сонымен қатар, емдеу-алдын алу көмек бөлімінің меңгерушісі Фируза Ниязалиева мен клинико-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Венера Каримова қатысушыларға өз бағыттары бойынша тәжірибелік және әдістемелік ақпарат ұсынды.
🔹Семинардың басты мақсаты – мамандардың кәсіби білімін арттырып, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, дұрыс диагностикалау және сапалы зерттеу жүргізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
✅АИТВ-ның таралуын болдырмау – әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігі. Ерте анықтау – тиімді ем мен қауіпсіз болашақтың кепілі!

Kcell/activ ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығының мамандары Тараз қаласындағы Kcell/activ ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында орталықтың мобилді тобы ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте анықтаудың маңыздылығы, сондай-ақ стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес тақырыптарында кеңінен ақпарат берді.

Кездесуге қатысқан қызметкерлерге орталықтың психолог мамандары – Г.Шамурзаева мен М.Бегманова кәсіби психологиялық кеңес беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен парақшалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жамбыл ауданында АИТВ/ЖИТС бойынша семинар өтті

 

28 мамыр күні Жамбыл аудандық орталық ауруханасы мен емханасында «АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, нормативтік-құқықтық актілер және инфекцияның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық база талаптарымен, АИТВ-ға скрининг жүргізу тәртібімен және инфекцияның алдын алу шараларымен таныстыру болды.

Семинар бағдарламасы келесі негізгі бағыттарды қамтыды:

  1. Жамбыл облысы және республика бойынша АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай.
  2. Медицина ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар және жаңа нормативтік-құқықтық актілерге шолу, соның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы – АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары.
  3. АИТВ инфекциясына тексерілуге жататын контингенттерді анықтау және кәсіби жұқтырудың алдын алу шаралары.
  4. АИТВ, сифилис және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу.
  5. Доконтакт және постконтакт профилактиканың маңыздылығы мен АИТВ статусын білу қажеттілігі.
  6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері.
  7. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Д.Абдраманова мен И.Досымова және емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері С.Токбураева.

Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ инфекциясына қатысты өзекті ақпаратпен танысып, практикалық ұсынымдар алды. Мамандар алдын алу, кәсіби қауіпсіздік және кемсітушілікті алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндіріп, семинар белсенді әрі нәтижелі өтті.

«Қазпошта» Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы қызметкерлеріне семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева және М.Бегманова «Қазпошта» Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы қызметкерлеріне және 8 қалалық аудандық пошта бөлімшелерінен Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қосылды. АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, халықтың осы жайында білім деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
🔹Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары жайлы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан қолдаудың маңыздылығына тоқталып, стигма мен кемсітушілікке қарсы күресудің жолдарын түсіндірді.
🔹Қызметкерлер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауап алды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

№9 қалалық емханада АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу  бойынша семинар өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары – эпидемиолог-дәрігерлер И.Досымова мен А.Сагадиева – №9 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясының республика және өңір бойынша таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, сондай-ақ АИТВ инфекциясына қатысты міндетті құпия медициналық тексеру ережелерімен таныстыру болды. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу, кәсіби қауіпсіздік, шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдері туралы кеңінен түсіндірілді.

Семинар барысында қатысушылар АИТВ инфекциясына байланысты маңызды әрі өзекті ақпарат алып, жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтаудың нақты жолдарын меңгерді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

“Отбасы банк” кеңес беру орталығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен М.Бегманова “Отбасы банк” АҚ Тараз қаласындағы кеңес беру орталығы қызметкерлері мен тұтынушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
🔹Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясы туралы қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыру, стигма мен кемсітушілікті азайту, сондай-ақ тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
🔹Кездесу барысында мамандар қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның ағзаға әсері, дер кезінде анықтау және емдеу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, ерте диагностиканың маңыздылығы, алдын алу шаралары және салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары талқыланды.​
🔹Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сондай-ақ, ақпараттық-білім беру материалдары — бүктемелер мен парақшалар таратылды.

АИТВ-ның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔹Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психологы Г.Шамурзаева Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы “Тараз-кедендік рәсімдеу орталығы” кеден бекетінің қызметкерлеріне арнап АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, халықтың осы жайында білім деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
🔹Кездесу барысында эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қорғану тәсілдері және қазіргі таңда қолданылып жүрген алдын алу шаралары жайлы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, Г.Шамурзаева психологиялық тұрғыдан қолдаудың маңыздылығына тоқталып, стигма мен кемсітушілікке қарсы күресудің жолдарын түсіндірді.
🔹Қызметкерлер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауап алды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары – бүктемелер мен жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

Теміржол саласы қызметкерлеріне семинар өткізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен М. Бегманова «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» Жамбыл пайдалану локомотив депосының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясы туралы тұрғындардың білім деңгейін арттыру, жұқпаның берілу жолдары, алдын алу шаралары және стигма мен кемсітушілікті  алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Семинарға 250-ге жуық қызметкер қатысты. Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-тың таралу жолдары, қорғану әдістері, инфекцияның ағзаға әсері, сондай-ақ ерте анықтау мен емделудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Психолог мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың, жұқпадан қорғану мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық ақпараттық бүктемелер таратылды.

Жуалы аудандық орталық ауруханасында медициналық семинар өтті

Жуалы аудандық орталық ауруханасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу, эпидемиологиялық жағдай және кәсіби қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға медициналық мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігері А.Т. Сагадиева және емдеу алдын алу бөлімінің инфекционист-дәрігері С.Токбураева жүргізді.

Семинардың негізгі мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық актілермен, соның ішінде ВИЧ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру ережелерімен таныстыру. Сонымен қатар, ВИЧ инфекциясының алдын алу, кәсіби жұқтырудан қорғану, төтенше жағдайларда әрекет ету, доконтакт және постконтакт профилактикасының маңыздылығы түсіндірілді.

Семинар барысында қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәліметтер алып, кәсіби қызмет барысында қауіпсіздікті сақтау жолдарын нақты түсінді. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, маман тарапынан жан-жақты жауап алды.