Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Садыхан» ОКДМО базасында семинар өтті

🔹2025 жылғы 23 мамырда Тараз қаласындағы «Садыхан» ОКДМО базасында «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. Нормативтік-құқықтық актілер. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингтен өткізу. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – Жамбыл облысы мен еліміздегі АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, осы бағытта енгізілген жаңа нормативтік-құқықтық актілер, мақсатты контингенттерді скринингтен өткізу тәртібі және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары жөнінде медицина қызметкерлерін жан-жақты ақпараттандыру.
🔹Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Д. Абдраманова жүргізді.
🔹Семинар барысында АИТВ инфекциясының таралуы мен жұқтыру жолдары, жаңа заңнамалар, жүкті әйелдер мен реципиенттерге скринингтің маңыздылығы, биоматериалмен дұрыс жұмыс істеу тәртібі және АИТВ-ның алдын алу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ стигма мен кемсітушілікпен күрес және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі бойынша кеңестер берілді. ​
✅Семинар Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес бағытында кәсіби өзара әрекеттестік пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ денсаулық сақтау мамандарының білімін жетілдіруге бағытталды.

Хабарлама

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.
Мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдыртпау мақсатында 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауға және зерделеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қарастырылады.
Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V заңының 8-бабы, 5-тармағы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 ақпандағы №21 бұйрығы негізінде, Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында 2025 жылы маусым айының 01-30-күндері аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатынын хабарлайды.

#antikorupsi

Медициналық колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова Тараз қаласындағы медициналық колледждің студенттеріне арнап АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, дұрыс түсінік қалыптастыру және алдын алу шараларын үйрету болды.

Дәріс барысында эпидемиолог маман АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері, заманауи диагностика мен емдеу мүмкіндіктері жайында жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттермен белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың тақырыпқа қатысты сұрақтарына нақты әрі кәсіби жауаптар берілді.

Іс-шараны қызықты әрі тиімді ету мақсатында қатысушылар арасында танымдық ойындар ойнатылды. Бұл тәсіл студенттердің тақырыпты жақсы меңгеруіне және өз көзқарастарын қалыптастыруына септігін тигізді.

“QazaqGazAimaq” АҚ қызметкерлеріне семинар өткізілді

22 мамыр күні  Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева мен М. Бегманова “QazaqGazAimaq” АҚ Жамбыл өндірістік филиалының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты — жұмысшылар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету болды.

Іс-шараға жалпы саны 200-ден астам қызметкер қатысты. Оның ішінде 80 адам офлайн форматта және 6 ауданнан 120 қызметкер  Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қосылды. Семинар барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қазіргі кездегі емдеу әдістері және тұрақты медициналық бақылаудың маңыздылығы жөнінде кең көлемді ақпарат берілді.

Қатысушылар белсенділік танытып, мамандарға тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, семинар соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу және ақпараттандыру мақсатында дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды.

Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті

Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы  Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің қызметкерлеріне АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық іс-шара ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, қауіпсіздік шараларын сақтау жолдарын түсіндіру және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болды. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-ның таралу жолдары, қорғану әдістері және ерте анықтаудың маңызы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, 87 полиция қызметкерлерінің өз еркімен қатысуымен ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісі арқылы қан үлгілері алынды. Бұл тексеру АИТВ-ның ерте кезеңде анықталуына көмектесетін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Шара соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, оны емдеу, сондай-ақ вируспен өмір сүру сапасын арттыру туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылды. Мұндай шаралар қызметкерлердің медициналық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы АИТВ-ға байланысты жағымсыз көзқарасты азайтуға септігін тигізеді.

Ақпараттық шаралар жалғасуда

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын таратты. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындарға инфекцияның алдын алу әдістері, АИТВ тестілеуінің маңызы және ерте анықтаудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
​ ✅Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажет жағдайда кеңес ұсынылды. Бұл шаралар қоғамның денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталды.

АИТВ бойынша ақпараттандыру және алдын алу шараларына арналған оқыту семинары өтт

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бастамасымен Талас аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған тақырыптық оқу семинары ұйымдастырылды.
🔹Семинарда дәрігер К. Сметова «АИТВ-ның диагностикасы, алдын алу жолдары, емдеу тәсілдері және онымен қатар жүретін аурулар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, жұқпаның берілу жолдары, ерте анықтаудың рөлі мен қазіргі заманғы емдеу мүмкіндіктері жайлы толыққанды мәлімет берді.
✅Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Семинардың негізгі мақсаты – өңірде АИТВ-ның таралу қаупін төмендету және медициналық қауымдастықтың аталған инфекция жөніндегі сауаттылығын арттыру.

«Отбасын жоспарлау» жайында ашық диалог жүргізілді

Тараз политехникалық колледжінде студенттерге мазмұнды шара ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – психолог М.Бегманова мен мейірбике Б.Салменбаева студенттермен «Отбасын жоспарлау» жайында ашық диалог жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы видеороликтер көрсетіліп, қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Шара мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығы туралы түсінігін тереңдету және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Мамандар ерте жыныстық қатынастың салдары, АИТВ және басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді.

Айта кетейік, мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алудың халықаралық күні екенін еске салып, жастарды денсаулықты сақтауға және қоғамда белсенді болуға шақырды.

Студенттерге маңызды дәріс  оқылды

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттерге арналған танымдық іс-шара өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаеважәне мейірбике Г.Иманбаева жас ұрпаққа «Отбасын жоспарлау» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәрісте болашақ медицина қызметкерлеріне ұрпақты болу денсаулығының мәні мен оның адамның өмір сапасына тигізетін ықпалы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, жастарға жыныстық қатынасты ерте бастаудың қауіпті жақтары, АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу жолдары және олардың алдын алу жолдары жайында жан-жақты ақпарат берді.

Шара аясында мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу Халықаралық күні екенін атап өтті.

Жастарға арналған семинар

 

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Жамбыл инновациялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹 Семинардың мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, жыныстық жолмен жұғатын аурулар мен АИТВ-ның алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹 Психолог маман Г. Шамурзаева АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары, стигма мен дискриминация тақырыптарында ақпарат берді. 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні екені айтылды.