Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында эпидемиологиялық қадағалау бөлімі меңгерушісінің м. а. И.Досымова нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өткізді.
Семинарға эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу бөлімінің қызметкерлері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен ережелерді толыққанды түсіндіру және жұмыс барысында туындайтын сұрақтарға жауап беру.
Семинар барысында И.Мумархан0ызы әріптестеріне ЖИТС және басқа жұқпалы аурулармен күресу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Нормативтік-құқықтық актілердің, оның ішінде санитарлық, эпидемиологиялық және медициналық ережелердің сақталуы — ЖИТС-тің алдын алу мен оны басқаруда негізгі рөл атқаратыны туралы сөз қозғалды.

Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, метапневмовирусты алдын алу  бойынша  семинар өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында «2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекциялар (COVID-19) бойынша санитариялық – профилактикалық, санитариялық – эпидемияға қарсы» тақырыпта семинар өтті.

Бұл ауқымды іс-шаралар аясында, ЖО  ЖИТС орталығы бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова қызметкерлер арасында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында Гулжан Алдабергенқызы  мамандарға эпидемиологиялық жағдайды бақылау, вирустық инфекциялардың таралуын алдын алу және аурулардың профилактикасы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғаларға медициналық көмек көрсету мен санитариялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы талқыланды. Мұндай шаралар жұқпалы аурулардың таралуын тежеу үшін маңызды әрі тиімді қадам болып табылады.

Халық арасында ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы облыс тұрғындарына АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын негізге ала отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында иммуноферментті талдау әдісімен тест қабылдап, халық арасында дұрыс түсінік қалыптастыруға хабардар етуге бағытталған.
15-16 қаңтар күндері облыстық ЖИТС орталығының мамандары Д.Еркулова және Р.Куанышбекова ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарында қызмет көрсетті. Халық арасында алдын алу жұмыстар жүргізу өте маңызды. Өйткені бұл қоғамды ЖИТС/АИТВ инфекциялық аурулардан қорғаудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының   ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:

 Әкімшілік бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің  жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Уақыты: 09:00-17:12

Түскі үзіліс: 13:00-14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

 

АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімі, емдеу-профилактикалық  бөлімі, клинико-диагностикалық зертханасының  жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Уақыты: 08:30-16:42

Түскі үзіліс: 13:00-14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

 

 Сынамаларды зерттеуге қабылдау:

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Уақыты: 8:30-15:30

Түскі үзіліс: 13:00-14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

2024 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиында орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев  2024 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2025 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Бағлан Джарлықасынұлы өз сөзінде биылғы жылғы  түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын тиісті қызметкерлерге  тапсырды.

Содан кейін орталықтың бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары  Г.Калметова «Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының 2024 жылғы нысаналы индикаторларды орындау» бойынша  атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жиын барысында сондай-ақ экономист Л.Исакова, ұжымның кәсіподақ төрайымы, бас медбике Л.Сатмаханова сөз алып, жұмыстары туралы баяндады.

Мектеп оқушыларына АИТВ инфекциясы  туралы жалпы түсінік берілді

Тараз қалалық білім бөлімінің №4 орта мектебінде, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын-алу оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мамандары Г. Салпыкова және Э.Ибрагимова АИТВ инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау, сонымен қатар жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сондай-ақ “АИТВ/ЖИТС- деген не?, АИТВ – қайдан шықты?, Қандай жолдармен беріледі?” деген сұрақтарға тоқталып, қажетті ақпараттар  берілді.

Іс-шара соңында мамандар қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекі құралдар, парақшалар таратты.

Туберкулез және АИТВ-ның  алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

 

 

Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасы аясында «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Жамбыл ОФО және облыстық ЖИТС орталығының басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.

Модератор: Р.О.Перзадаев – «Тараз-АИТВ-ға қарсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба үйлестірушісі.

Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Т.Мусабаев  кіріспесөз сөйледі. Ол Жамбыл облысының Денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары туралы, халықтың аурушаңдығын төмендету және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуді жоспарлау бойынша айтты.

Отырысқа қатысушылар АИТВ және ТБ компоненті бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелерді, жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл аспектілерін және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстел соңында Жамбыл облысының ҮЕҰ үшін туберкулез бағдарламасы бойынша «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» талқыланды.