Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша жиын өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша жиын өтті.

Жиналыста орталықтың заңгер маманы  қойылған  барлық сұрақтарға тиісті жауап берді.

№15 мектеп-гимназиясында дәріс өтті

 

Тараз қаласының білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясында облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастырумен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында орталықтың мамандары Г.Ж.Салпыкова, Э.О.Ташкараева оқушыларға АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді. АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға  ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.

Жасөспірімдер үйінде кездесу өтті

 

Тараз қаласындағы «Облыстық жасөспірімдер үйінде» облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастырумен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуде облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова, М.С.Бегманова, Э.Х.Ибрагимова жасөспірімдерге қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы әңгіме сабағын өткізіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы  жұмыстар жүргізілді.

Кездесу соңында өзінің АИТВ статусын білуге ниет білдіргендер үшін  жедел тесттілеу тапсыру мүмкіндігі болды.

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зяткерлік мектебінде дәріс өтті

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зяткерлік мектебінде  “АИТВ- инфекциясының алдын алу”  тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары  Г.Ж.Салпыкова және М.С.Бегманова оқушыларға АИТВ-ның берілу  жолдары және ілеспе алдын алу шаралары жайлы хабардар етті.  Сонымен қатар оқушыларға «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді.

Жалпы іс-шараға 132  оқушы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтары және АИТВ/ЖИТС -қа жауапты тұлғалармен  АИТВ туралы онлайн конференция  өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтары және АИТВ/ЖИТС -қа жауапты тұлғалармен  АИТВ туралы онлайн конференция  өткізілді.

Онлайн конференцияда ЖИТС орталығының мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты  тақырып аясында сөз сөйледі.

Дәріс өткізудің мақсаты – білім беру мекемелеріндегі жауапты мамандардың жоғары клас оқушыларына АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану жұмыстарын арттыру. Конференция  барысында мамандар АИТВ –  инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» туралы  толық ақпарат берді.

 

Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында семинар өтті

 

Ағымдағы жылдың 26 қарасында Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Т.Исабеков жұмыс жоспарына сәйкес   “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты  тақырыпта  аталмыш мекеме қызметкерімен  “АИТВ/ЖИТС инфекциясы бойынша семинар өткізді.

Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді.

№6 кітапханасында әңгіме сабағы өтті

 

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Ықылас дүкенұлы атындағы “Қалалық мәдениет үйі” мемлекеттік КММ, №6 кітапханасында ЖИТС орталығының  мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова аталмыш мекеме қызметкерлері мен оқырмандарға қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы әңгіме сабағын өткізіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы  жұмыстар жүргізілді.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде кездесу өтті

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде  “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты  тақырыпта кездесу өтті.

Кездесуде  <<Januia medical center >> ЖШС емханасының профилактика бөлім меңгерушісі Г.М.Иманбекова және психолог маманы Е.Г.Ким АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ic- шара адам ағзасындағы туындайтын аса қауіпті дерттің алдын-алу, білімгерлердің білім денгейін  арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жуалы аудандық орталық ауруханасында өткен іс-шара

Жуалы аудандық орталық ауруханасында “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты  тақырыпта “Сенім” жастар денсаулық кабинетінің  мамандары мен тұрғындар арасында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.