Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№22 орта мектебінде дәріс өтті

🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №22 орта мектебінің акт залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева 10-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
✅Іс-шара барысында АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды және ақпараттық бүктемелер таратылды.

🔰Мойынқұм ауданында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті

🔹Ағымдағы жылдың 22-23 сәуір күндері Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелеріне арналған екі күндік семинар-сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жүргізіп, семинар барысында медицина қызметкерлеріне өзекті әрі тәжірибесі мыңызды мәліметтер ұсынылды.
🔹Семинар аясында «Қазақстан және Жамбыл облысы АИТВ/ ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша НҚА. АИТВ-инфекциясына халықты скринингі. АИТВ/ЖИТС алдын алу» және « АИТВ , мерез жене С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу», «Стигма мен кемсітушілік», сондай-ақ медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары талқыланды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – медицина мамандарын АИТВ-ның таралу деңгейі мен алдын алу жолдары жөнінде хабардар ету, саладағы жаңа құжаттармен таныстыру және инфекцияны ерте анықтауға бағытталған тестілеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолдау көрсету.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С.Токбураева мен эпидемиолог дәрігер Д.Абдраманова жүргізді.
Бағдарлама бойынша АИТВ/ЖИТС жағдайына шолу жасап, нормативтік құжаттарға түсініктеме беруді, тестілеу тәртібі мен көрсеткіштерін талдауды, биоматериалмен жұмыс істеу ережелерін түсіндіруді, стигма мен кәсіби инфекциялардың алдын алуды қамтыды.​Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
✅Қатысушылар өз жұмыстарына қажетті тәжірибелік және теориялық білім алып, инфекцияның алдын алуға қатысты нақты ұсыныстармен танысты.

Ақпараттық шаралар жүргізілді

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын таратты. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындарға инфекцияның алдын алу әдістері, АИТВ тестілеуінің маңызы және ерте анықтаудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
​ ✅Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажет жағдайда кеңес ұсынылды. Бұл шаралар қоғамның денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталды.

№42 орта мектебінде АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өткізілді

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №42 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
🔹Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру.
🔹Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да назар аударылды.​
✅Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-ның алдын алу, оның берілу жолдары және дұрыс өмір сүру тәсілдері жайлы кеңестер ұсынылды.

АИТВ-ның алдын алу – ортақ міндет

🔹Т.Рысқұлов ауданының Мәдениет үйінде маңызды кездесу өтті. Бұл жолы Жамбыл облыстық АИТВ -инфекциясын алдын алу орталығының білікті мамандары жан-жақты ақпарат ұсынды.
🔹Кездесу барысында мамандар АИТВ-ның таралу жолдары, жұғу себептері және одан қорғану шаралары туралы кең көлемде түсіндірме жүргізілді.
🔹Жиында салауатты өмір салтын ұстану, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға баулу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу жайында да кеңінен сөз қозғалды.
✅Іс-шара соңында ниет білдіруші 3 қызметкерге экспресс-тест жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға 20 дана ақпараттық бүктемелер таратылып, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап берілді.

Т.Рысқұлов ауданының полиция қызметкерлерімен кездесу

🔹АИТВ орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесі қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұғу себептері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынды.
🔹Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, инфекцияның алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды. Әсіресе, әрбір адамның өз АИТВ мәртебесін білуі – дерттің алдын алудағы маңызды қадам екені түсіндірілді.
✅Кездесу соңында 35 полиция қызметкері ерікті түрде АИТВ-ға тестілеуден өтті. Қан үлгілері ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен алынды. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу және қорғану жолдары туралы ақпарат берілген 28 дана парақша таратылды.

🔰Т.Рысқұлов ауданының педагог-психологтарына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

 

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде семинар ұйымдастырды. Іс-шара мектеп педагогтері мен психолог мамандарына арналып, АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу, сақтану жолдары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын арттыру мақсатында өткізілді.
🔹Іс-шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова қатысты. Олар қатысушыларға АИТВ-инфекциясының қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалы, оның жұғу жолдары, таралу себептері және аурудың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
🔹Семинар барысында Сара Шадиярбекқызы Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-ның таралу көрсеткіштері мен оның жастар мен жасөспірімдер арасындағы өсу үрдісіне тоқталды. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында алдын алу шараларын күшейтудің өзектілігі, ақпараттық жұмыс пен ата-аналар мен педагогтердің рөлі ерекше атап өтілді.
🔹Психолог маман Мереке Сәбитқызы қатысушыларды жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтау, оларды әлеуметке бейімдеу жолдары, сондай-ақ қауіп төндіретін жыныстық мінез-құлықтың астарында жатқан психологиялық себептермен таныстырды. Ол сондай-ақ мұндай мінез-құлықтың салдарынан туындайтын жағымсыз нәтижелерді болдырмау үшін қандай алдын алу шараларын қолдануға болатыны туралы нақты кеңестер берді.
✅Семинар соңында педагогикалық ұжым семинар ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп, осындай ақпараттық іс-шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мектеп ұжымы Жамбыл облыстық АИТВ орталығы мамандарымен тығыз әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

АИТВ инфекциясымен күрес тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыс жиналысы

🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметованың жетекшілігімен емдеу бөлімінің меңгерушісі мен дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.
✅Қаралған мәселелердің қатарында:
​•​АӨСА емінің тиімділік көрсеткішін арттыруға кедергі болып отырған жайттар және оларды шешу жолдары;
​•​Динамикалық бақылаудан және емдеуден қол үзіп қалған науқастарды қайтадан диспансерлік бақылауға алу және емдеуге тарту;
​•​Жаңа анықталған науқастарды дер кезінде тіркеу және эпидемиолог мамандармен бірлесіп сапалы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі.
🔹Жиналыс барысында аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстар жоспарланды. Мақсат – әрбір науқастың уақтылы және сапалы ем алуына жағдай жасау арқылы АИТВ індетінің таралуын төмендету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Әскери гарнизонда АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары өткізілді

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданына қарасты Луговой гарнизонында орналасқан танк батальоны, жаяу әскер және барлау бөлімшелерінде қызмет ететін 500-ден астам әскери қызметшінің арасында ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова қатысып, әскери қызметшілерге АИТВ-инфекциясының таралуы, жұғу жолдары мен сақтану шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
🔹Кездесу барысында әскери қызметшілерге инфекцияның жұғу жолдары жөнінде толық ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы да сөз қозғалды.
🔹Іс-шара аясында АИТВ-ға тестілеу ұйымдастырылып, Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков 234 әскери қызметшіден ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен қан алды. Қосымша 71 қызметкерге жедел тестілеу жүргізілді. Бұл тестілеулер инфекцияны ерте анықтап, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
🔹Шара соңында әскери қызметшілерге 80 дана ақпараттық парақша таратылып, олар өз сауалдарына мамандардан нақты әрі жан-жақты жауап алды.
✅Әр азаматтың денсаулығы – қоғам байлығы. Сондықтан алдын алу шараларына белсенді қатысу – әркімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігі.

 

Алматы қаласында АИТВ- инфекциясын алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобалар бойынша жиын өтті

🔰2025 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласында АИТВ- инфекциясын алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобалар бойынша жиын өтті.
🔹Жиынға мәслихат депутаттары, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, аймақтық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының және АИТВ алдын алу орталықтарының басшылары, соның ішінде Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы қатысты.
✅Іс-шара жаһандық қордың гранты аясында ұйымдастырылып, ҮЕҰ-дың рөлі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігі және негізгі топтармен жұмыс тәжірибесі талқыланды.