Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық семинар

2025 жылғы 18 сәуірде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында маңызды семинар өтті.
Семинар тақырыбы – «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерлерінің жүргізу қағидаттары».
Аталған іс-шараға қалалық және аудандық алғашқы медициналық-санитариялық көмек, алдын алу бөлімдерінің, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының дәрігерлері мен мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша психологтар мен медицина қызметкерлерінің медициналық-әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсетуге байланысты кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Қалметова ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, аурудың алдын алу шаралары және медициналық мекемелердегі бақылау жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Индира Досымова АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары туралы баяндама жасады. Индира Мумарханқызы алғашқы медициналық-санитариялық көмек және алдын алу бөлімінің мамандары жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева, психолог маман М. Бегманова және медбике В. Мартынова өз тақырыптары бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында зертхана медбикесі Б. Жапанова медицина қызметкерлеріне қандағы P24 вирус антигені мен I және II типтегі АИТВ-ға қарсы антиденелерді анықтайтын IV буын жедел тестілеу алгоритмін көрсетті. Қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, тестілеу әдістерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алып, нақты мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жұмыс кеңесі өтті

🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және оның сапасын арттыру мақсатында жұмыс кеңесі өтті.
🔹Кеңесті Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Калметова жүргізді. Оған орталық бөлімдерінің меңгерушілері және мамандары қатысты.
🔹Кеңес барысында АИТВ-инфекциясын жұқтыру деректерін белгіленген мерзімде анықтау, жұғу жолдарын нақтылау, инфекция көзі мен байланыста болған адамдарды тауып, дер кезінде эпидемиологиялық тексеру жүргізу мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан аталған бағыттар бойынша кездесіп отырған өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
🔹Кеңес қорытындысы бойынша мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, эпидемиологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыруға және инфекцияның таралуының алдын алуға арналған бағыт-бағдар берілді. Аталған бағыт бойынша алдағы уақытта нақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, эпидемиологиялық ахуалға үнемі талдау жасалып отырады.
✅Орталық мамандары халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізетін болады.

Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы талқыланды

2025 жылдың 14 сәуірінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мәжіліс залында «Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 2025 жылдың 1-тоқсаны мен 2024 жылдың 1-тоқсанын салыстыру және 2024 жылдың эпидемиологиялық жағдайы» бойынша жұмыс жиналысы өтті.

Жиынды орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев  ашып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Ол АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу шараларының маңыздылығына тоқталып, облыстағы эпидемиологиялық ахуалға сараптама жасады.

Келесі болып сөз алған бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Калметова орталық бөлімдерінің  «Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 2024 жылдың 1-тоқсаны мен 2025 жылдың 1-тоқсандарындағы жұмыс қорытындылары бойынша баяндама жасады. Баяндамасында ерте диагностикалау, тәуекел топтарымен жұмыс, ақпараттық түсіндіру шаралары және диспансерлік есепке алу мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Бағлан Жарылқасынұлы жиын барысында барлық бөлім басшыларына алдағы уақытта өз бағыттары бойынша жұмысты жүйелі жүргізу, тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту және жаңа тәсілдер енгізу қажеттігін тапсырды.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.

Кәсіпкерлік құрылымында ақпараттық іс-шара

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары қала тұрғындары арасында АИТВ -инфекциясын алдын алу туралы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары мақсатында “AVTOMARKETO8” кәсіпкерлік құрылымында ақпараттық-насихаттық іс-шара өткізді.
🔹Шара барысында орталық мамандары қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оны жұқтырмаудың тиімді әдістері, ерте анықтаудың маңыздылығы және стигма мен кемсітушілікпен күрес туралы жан-жақты мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігі түсіндірілді.

Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары бойынша мониторинг қорытындылары

Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық бақылау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстың сапасын бақылау және одан әрі жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 7-11 сәуір күндері Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары өңірде жоспарлы мониторингтік іс-сапарда болды.

Іс-сапар құрамында орталықтың диагностикалық зертханасының басшысы Г.Тажибаева, дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі маман Г.Кикбаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Дербисалова және клиникалық қадағалау бөлімінің дәрігері А.Утегенова болды. Олар Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы және бірқатар медициналық ұйымдардың қызметімен танысты.

Сапардың негізгі мақсаты – Жамбыл облысындағы медициналық мекемелерге АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диагностика, алдын алу және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес беру – әдістемелік көмек көрсету.

Мамандар облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарда, №6 қалалық емханада және Жамбыл облыстық қан орталығында болып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмыстарды талдады.

Перинаталдық орталықтарда медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның вертикальді берілуінің профилактикасы, жүкті әйелдер мен нәрестелерді тестілеу, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері, зертханалық материалдарды жеткізу тәртібі, ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізу және есептік құжаттарды толтыру мәселелері бойынша кеңес берілді.

№6 қалалық емханада АИТВ-нің тігінен берілуінің алдын алу, халықтың негізгі топтарын тестілеу, вирусты С гепатитін емдеу қызметі, сенім пунктінің жұмысы және деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу тәртібі бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Жамбыл облыстық қан орталығында донорлар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға, құжаттаманы  дұрыс жүргізілуіне   талдау жасалып, қызметкерлердің АИТВ бойынша білім деңгейі бағаланды.

Тексеру барысында мамандар Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу және бақылау бағытында бірқатар жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтті.

Сонымен қатар, алдын алу шараларының тиімділігін бұдан әрі арттыру үшін медициналық мекемелер қосымша тәжірибе алмасу қажет. Осы тұрғыда Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығы мен медициналық мекемелер  арасындағы өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқаратындығы айтылды.

Мамандар мұндай мониторингтік сапарлар тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ инфекцияның таралу қаупін төмендетуге себеп болатынына сенім білдірді.

Медициналық колледж педагогтері мен студенттеріне семинар өтті

 

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева мен психолог М.Бегманова «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің педагогтері мен студенттеріне арналған семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби сауаттылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында эпидемиолог дәрігер Сара Шадиярбекқызы Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайға жан-жақты тоқталып, инфекцияның негізгі жұғу жолдары, таралу қаупі және алдын алу шаралары жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері арасында кездесетін кәсіби қауіптер, атап айтқанда, биологиялық сұйықтықтармен ластанған құралдармен жұмыс істеу барысында туындайтын бес түрлі инвазивті апаттық жағдайлар нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Мұндай жағдайда сақталуы тиіс алгоритмдер мен жедел әрекет ету тәсілдері де кеңінен қарастырылды.

Психолог Мереке Сәбитқызы семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби этика және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Болашақ медицина мамандарына науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы мен адамгершілік қағидаттары жайлы құнды кеңестер берілді.

Іс-шара соңында семинарға белсенді атсалысып, пайдалы ақпаратпен бөліскені үшін орталық мамандарына «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің  Алғыс хаттары табыс етілді.

Аталған семинар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, оң пікірлерге ие болды. Осындай іс-шаралар болашақта да тұрақты түрде өткізіліп, жас мамандардың кәсіби дайындық деңгейін көтеруге ықпал етпек.

Жамбыл облыстық қан орталығына жоспарлы мониторингтік сапар

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының диагностикалық зертханасының басшысы Г.Тажибаева және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Дербисалова Жамбыл облыстық қан орталығына жоспарлы мониторингтік сапар жасады. Бұл сапардың басты мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, сондай-ақ медициналық мекемелердің аталған бағыттағы жұмысына бақылау жүргізу және консультативті-әдістемелік көмек көрсету болды.

 

Жамбыл облыстық қан орталығына жасалған сапар барысында, ең алдымен, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының тиімділігі қаралды және бұл бағыттағы жұмыс сапасы бағаланды. Сонымен қатар,  АИТВ инфекциясы туралы білімін жетілдіру және донорлық қанға қатысты сақтық шараларын күшейту мәселелері қаралды.

 

Іс-шара барысында қаралған негізгі мәселелер

Эпидемиологиялық жағдайды талдау.

Сапар барысында, 2024 және 2025 жылдың үш айындағы эпидемиологиялық жағдай статистикалық тұрғыдан талданды. Донорлық қан қабылдау мен оны өңдеуге байланысты эпидемиологиялық мәліметтер, сондай-ақ АИТВ инфекциясының таралуы туралы ақпараттар қаралды. Бұл статистика донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Статистикалық есеп беру және құжаттаманы жүргізу.

Донорлық бөлімде статистикалық есеп беру №2 нысаны бойынша құжаттаманың дұрыс жүргізілуі маңызды мәселелердің бірі болды. Құжаттардың толық әрі уақытылы толтырылуы, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер мен процедуралардың дұрыс тіркелуі қан сапасының сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлердің білімін бағалау.

Донорлық бөлім қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы мәселесі бойынша білімін бағалау жүргізілді. АИТВ инфекциясы туралы ақпараттың дұрыс әрі толық берілуі, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік шараларына жауапкершілігі маңызды рөл атқарады. Бұл бағалау қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру үшін үнемі жүргізіліп тұрады.

АИТВ тестілеу сапасын бақылау

Донорлық қанға жүргізілетін АИТВ тестілеу сапасы үнемі бақылауда тұруы қажет. Сапар барысында тестілеу процедураларының дұрыстығы мен сенімділігі тексерілді. Сонымен қатар, тестілеу процесінде қолданылатын әдістер мен технологиялардың қазіргі талаптарға сай болуы маңызды.

Қан компоненттеріне қойылатын талаптар

Донорлық қаннан алынған компоненттердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қаралды. Әрбір компоненттің қажетті талаптарға сай болуы донорлық қанның сапасын сақтауға және оны қажетті жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ақаулы өнімдер анықталған жағдайда оларды жою бойынша жұмыстардың дұрыс жүргізілуі маңызды.

 

Жамбыл облыстық қан орталығына жасалған мониторингтік сапардың нәтижесінде, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы анықталды. Сонымен қатар, біршама мәселелерді шешу үшін донорлық бөлімнің жұмысын одан әрі Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығымен бірлесіп жетілдіру қажет.

 

Қорытындылай келе, АИТВ инфекциясының алдын алу мен медициналық мекемелердің осы бағыттағы жұмыстарын тиімді бақылау және бағалау жұмыстарының маңызы ерекше. Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үнемі бақылау жүргізіліп, қызметкерлердің кәсіби дайындықтары мен білімдері тұрақты түрде жетілдіріліп тұруы тиіс. Жамбыл облыстық қан орталығының қызметкерлері бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарын әрі қарай да жетілдіріп, АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күресті жалғастыруы керектігі айтылды.

 №6 қалалық емханасында жоспарлы мониторингтік сапар

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі маманы Г.Кикбаева және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Дербісалова  АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында №6 қалалық емханасына жоспарлы мониторингтік сапар жасады. Бұл сапардың басты мақсаты — АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу шараларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық мекемелердің аталған бағыттағы жұмысына бақылау жүргізу болып табылады.

Сапар аясында бірнеше маңызды бағыттар қаралды. Бірінші кезекте, АИТВ анадан балаға тігінен берілуін болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар тексерілді. Бұл орайда, емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету, сондай-ақ АИТВ-мен туған балаларға АРВ (анти-ретровирустық) емдеуді мониторингтеу жұмыстарының жүзеге асырылуы талқыланды. Мұндай шаралар анадан балаға инфекцияның берілуін алдын алуға бағытталған.

Екінші маңызды мәселе — облыс тұрғындарын, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ тестілеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. АИТВ инфекциясының ерте анықталуы мен алдын алу үшін барлық тұрғындарға тестілеу шараларын жеткізу өте маңызды. Бұл АИТВ-ға қарсы күресте басты қадам болып табылады, себебі ерте анықталған жағдайлар тиімді емдеу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

АИТВ-инфекциясына қатысты тағы бір маңызды бағыт — облыс бойынша АӨСА С вирустық гепатитін емдеу бойынша қызмет көрсету болды.

Сапар барысында төтенше жағдайлар, зерттеу материалдарын зертханаға жеткізу, ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу сияқты күнделікті жұмыс мәселелері де қаралды. Бұл бағыттар да АИТВ-инфекциясын бақылау және алдын алу жұмыстарының тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Сенім пунктінің қызметі мен есептік құжаттама жұмыстары да маңызды болып табылды. Сенім пункті-бұл АИТВ инфекциясымен күресу және профилактикалық шараларды жүзеге асыру үшін құрылады, оның мақсаты-тұрғындарға психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ ақпараттық және медициналық көмек көрсету.

Жалпы, №6 қалалық емханадағы мониторингтік сапардың нәтижелері көрсеткендей, АИТВ-инфекциясының алдын алу және бақылау бойынша қолға алынған шаралар белгілі бір деңгейде тиімді жүзеге асырылып келеді. Алайда, аталған бағытта жүргізілетін жұмыс пен шаралардың тиімділігін арттыру үшін қосымша ресурстар мен тәжірибе алмасу қажет. Осы тұрғыда Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығы мен емханалар арасындағы өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқарады.

Жамбыл обыстық перинаталдық орталығының жұмыс барысымен танысты

🔰Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының диагностикалық зертханасының басшысы Г.Тәжібаева, дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі маманы Г.Кикбаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Дербісалова Жамбыл обыстық перинаталдық орталығының жұмыс барысымен танысты.
✅Бұл сапардың мақсаты – орталықтың жұмысын тексеру, ақпараттық жүйелердің тиімділігін бағалау және АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының сапасын арттыру.

Қалалық перинаталдық орталығындағы алдын алу шаралары қаралды

🔰Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының диагностикалық зертханасының басшысы Г.Тәжібаева, дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі маманы Г.Кикбаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Дербісалова және клиникалық қадағалау бөлімінің дәрігері А.Утегенова Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығына жоспарлы мониторингтік іс-сапармен келді.
🔹Бұл сапардың мақсаты – орталықтың жұмысын тексеру, ақпараттық жүйелердің тиімділігін бағалау және АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының сапасын арттыру.
✅Іс-сапар барысында мамандар Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының жұмысымен танысып, қалалық перинаталдық орталығында болып, жұмыс барысын тексерді.