Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№6 қалалық емханасының алдын алу бөлімі қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті

 

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары, эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог М.Бегманова №6 қалалық емханасының алдын алу бөлімі қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
🔹2025 жылдың басынан бастап №6 қалалық емханасының жастар денсаулығы орталығында жастар арасында АИТВ инфекциясына экспресс-тест жүргізу басталды. Бұл тестілеу жастардың өз денсаулықтарын бақылап, ерте кезеңде АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, тестілеу нәтижелері бойынша қажетті кеңестер беріледі. Арнайы осы жұмыстарды бақылау үшін барған мамандар АИТВ бойынша жауапты қызметкерлеріне алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша кеңестер берді.
✅Сондай-ақ, эпидемиолог дәрігер мен психолог алдын алу жұмыстардың сапасын арттыру үшін бірқатар кемшіліктерді түзеу қажеттігін атап өтті.​
🔹Емханада бірнеше маңызды бөлімдер жұмыс істейді, олардың ішінде: Жастар денсаулығы орталығы, зиянды әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын насихаттайтын ЗОЖ кабинеті, жалпы денсаулықты сақтау және алдын алу шараларын жүргізетін Денсаулықты сақтау кабинеті, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық мәселелерімен айналысатын Отбасын жоспарлау кабинеті, кез-келген жастағы азаматтарға арналған Денсаулық мектебі, қарттар үшін арнайы арналған Қарттар мектебі.
🔹Бұл бөлімдер арқылы тұрғындарға профилактикалық тексерулер, кеңестер мен ақпараттар ұсынылады. Поликлиниканың психологтары өздеріне бекітілген жауапты мектептерінде және бір теміржол колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіп, студенттер мен мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.

«Стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар өтті

🔰3 сәуір күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ жұқтырғандарға қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар өткізді.
🔹Іс-шара Тараз қаласындағы перинаталдық орталықта өтті, оған 38 маман қатысты. Семинар барысында Дуйсенкуль Ескермесовна АИТВ-инфекциясы туралы қоғамдағы теріс пікірлер мен кемсітушілікке қарсы күресу жолдарын талқылады. Ол медициналық қызметкерлердің осы мәселелерге қатысты науқастарға деген адами көзқарастың маңыздылығын атап өтті. ​
✅Семинарға қатысушылар АИТВ туралы қоғамдық қабылдауды жақсарту үшін стигманы жоюдың маңызды қадамдары жайында пікір алмасты.

«Кибергигиена негіздері» тақырыбында семинар өтті

🔹2025 жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында «Кибергигиена негіздері» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырып, олардың киберқауіпсіздік бойынша практикалық білімдерін дамыту, сондай-ақ, қазіргі уақытта өте маңызды болып табылатын ақпараттық технологиялардың дамуы мен оның медициналық салаға әсерін түсіндіру.
🔹Семинарды ақпараттау және АИТВ инфекциясын компьютерлік қадағалау бөлімінің меңгерушісі Ф.Кемелбекова жүргізді. Ол шара барысында қазіргі замандағы киберқауіптер мен олардан қорғану тәсілдері туралы сөз қозғап, медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға интернеттің зиянды әсерлерінен сақтану, жеке деректерді қорғау және медициналық ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы практикалық кеңестер берілді.

Қалалық перинаталдық орталықта семинар өтті

🔹2 сәуірде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, инфекционист дәрігер Г.Темірбекова «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуін алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
🔹Семинар Тараз қаласындағы перинаталдық орталықта өтті, оған 37 маман қатысты. Семинар барысында қатысушылар аталған инфекциялық ауруларды алдын алу бойынша заманауи әдістермен танысып, сондай-ақ жүкті әйелдерді осы инфекцияға уақытында анықтап, анықталған жағдайда анадан балаға берілуін алдын алу үшін емдеудің маңызды екенін түсінді.
🔹Гүлмира Қуандыкова қатысушыларға инфекцияның алдын алу және аурулардың ерте анықталуы бойынша практикалық ақпараттар мен ұсыныстар беріп, АИТВ, мерез және гепатит С ауруларын алдын алу және емдеу бойынша жұмыс қағидаларын түсіндірді.
✅Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар мен ұсыныстар беріліп, ауруларды алдын алу және емдеу бойынша сұрақтар қою мүмкіндігі ұсынылды.

Ақпараттық шаралар жалғасуда

🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын таратты. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындарға инфекцияның алдын алу әдістері, АИТВ тестілеуінің маңызы және ерте анықтаудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
​ ✅Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажет жағдайда кеңес ұсынылды. Бұл шаралар қоғамның денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталды.

Тараз қаласы Полиция басқармасында семинар өтті

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және эпидемиолог көмекшісі Д.Сабиржанова Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.Семинарды Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Сәлемов Берік Жақсылықұлы ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті.Семинар барысында Сара Шадиярбекқызы АИТВ/ЖИТС бойынша дүние жүзіндегі сондай-ақ, Қазақстан мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтыру жолдары, оның алдын алу шаралары түсіндіріп, инфекцияның  денсаулыққа тигізетін әсері туралы баяндады. Қоғамдағы АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де қаралып, науқастарға дұрыс көзқарас қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.Семинар өту кезінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының медбикелері Г.Иманбаева, А.Оракова, ниет ниет білдіруші қатысушылардан ИФТ сынамасы үшін қан алды. Қан алынған қызметкерлерге сынама нәтижелері жеке түрде беріледі, ал қажет болған жағдайда қосымша кеңестер мен денсаулық сақтау шаралары ұсынылатын болады.Семинар соңында қатысушылар АИТВ-ға қатысты сұрақтарын қойды.

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында семинар өтті

 

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Г.Ахметова  және инфекционист-дәрігері С.Токбураева Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 27-28 наурыз күндері жоспарлы мониторингтік сапар жасады.Семинарда Гулшат Төлегенқызы Қазақстан мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС жағдайы мен оны алдын алу шаралары бойынша эпидемиологиялық жағдайы, нормативтік- құқықтық актілер таныстырылды. Сондай-ақ, тестілеу және инфекцияны кәсіби жұқтыруды болдырмау үшін медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Қоғамдағы АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де қаралып, науқастарға дұрыс көзқарас қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.Сонымен қатар семинарда Сауле Дастанқызы «АИТВ инфекциясымен бірге басқа да аурулары бар науқастарды емдеу» және «Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуін болдырмау шаралары» тақырыптары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Ол инфекцияның балаға берілу жолдарын және алдын алу шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді.Семинар соңында дәрігерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алған білімдерін жұмыста қолданудың маңыздылығын атап өтті.

01731 әскери бөлімінде семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова Тараз қаласында орналасқан 01731 әскери бөлімі қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – әскери қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, алдын алу шаралары мен жұқтыру жолдары туралы ақпарат беру болды.
🔹Семинар барысында Сара Шадиярбекқызы АИТВ жұқтыру жолдарын, оның алдын алу шараларын түсіндіріп, инфекцияның денсаулыққа тигізетін әсері туралы баяндады. Сонымен қатар, Мереке Сәбитқызы психологиялық аспектілерге көңіл бөліп, денсаулық сақтау мен өз мәртебесін білу қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Психолог маман әскери қызметкерлерге ауру туралы қорқыныш пен теріс түсініктерден арылып, еркін әрі дұрыс ақпарат алу қажеттігін атап өтті.
🔹Семинар соңында әскери қызметкерлер АИТВ-ға қатысты сұрақтарын қойды. Әскери қызметкерлер орталық мамандарына жыл сайын осындай алдын алу жұмыстарын келіп жүргізуді және қызметкерлердің өз АИТВ мәртебесін білу үшін ИФТ сынамасын алса деген ойларын жеткізді. Өйткені АИТВ инфекциясы туралы түсініктерді тереңдетіп, алдын алу шараларына қатысу әрбір қызметкердің денсаулығы үшін өте маңызды екендігін айтты.
🔹Семинар өту кезінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының медбикелері Э.Ибрагимова мен Г.Иманбаева әскери бөлімінің 125 қызметкерінен ИФТ сынамасы үшін қан алды. Бұл шара әскери қызметкерлер арасында АИТВ мәртебесін анықтау және инфекцияның алдын алу жұмыстарына белсенді қатысу үшін ұйымдастырылды. Қан алынған қызметкерлерге сынама нәтижелері жеке түрде беріледі, ал қажет болған жағдайда қосымша кеңестер мен денсаулық сақтау шаралары ұсынылатын болады.
✅Осылайша, аталмыш семинар мен медициналық іс-шаралар әскери бөлімдегі қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы білімді арттыруға, денсаулық сақтау шараларына қызығушылықты оятуға және аурудың таралуын болдырмауға бағытталған маңызды қадам болды.

Шу ауданы, Төле би ауылы АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша дәріс оқылды

🔹Шу ауданы, Төле би ауылындағы «ҚазақГазАймақ» Жамбыл өндірістік филиалының Шу газ шаруашылығы мекемесінде және Шу станциясындағы “Қазақстан темір жолы” АҚ вагон жөндеушілеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – жұқпалы аурулардың алдын алу, халық арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, сондай-ақ жұмысшыларға қажетті ақпаратты жеткізу.
🔹Дәрісті Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының психолог маманы М.Бегманова жүргізді. Мереке Сәбитқызы қатысушыларды осы инфекциядан қорғану үшін жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын, өзара қауіпсіз қарым-қатынас жасау жолдарын және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің қажет екендігін атап өтті.
🔹Дәріс соңында қатысушылар өздеріне қызықтырған сұрақтарды қойып, дәріс мазмұнына қатысты пікірлерін білдірді. Бұл шараның жұмысшылардың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам болып табылатыны сөзсіз. Мұндай дәрістердің жиі өткізілуі АИТВ-ның таралуын төмендетуге және қоғамның осы мәселе бойынша білімін арттыруға септігін тигізеді.

Шу станциясындағы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі №5 өрт сөндіру бөлімінде және Ішкі істер бөлімінде дәріс өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының психолог маманы М.Бегманова Шу станциясындағы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі №5 өрт сөндіру бөлімінде және Ішкі істер бөлімінде дәріс оқыды.
🔹Бұл лекцияның мақсаты – АИТВ және оның алдын алу шаралары туралы қызметкерлерді ақпараттандыру, сондай-ақ олардың денсаулығына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Лекция барысында Мереке Сәбитқызы АИТВ вирусының таралу жолдары, оның алдын алу жолдары және сауықтыру шаралары туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамда туындайтын кедергілер мен кемсітушіліктер туралы сөз қозғады.
Қатысушыларға өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезіну, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында дұрыс ақпарат алу мен сақтық шараларын сақтау маңызды екендігі туралы айтылды. Өрт сөндірушілер мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, маманның кеңестерін тыңдады.