Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қалалық перинаталдық орталығына жоспарлы мониторингтік сапар

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова және балалар инфекционист дәрігері Г.Темирбекова Тараз қалалық перинаталдық орталығына АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапар жасады.
🔹Бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарын тексеру, тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда көмек көрсету.
✅Сапар аясында медициналық қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ- инфекциясынан сақтанудың жолдары, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оларды қоғамда қабылдауға шақыру, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру және кемсітушілікті жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз-Болашақ» медициналық орталығы қызметкерлеріне арналған семинар

🔰Тараз-Болашақ» медициналық орталығында АИТВ-инфекциясын жұқтырудан қорғау шаралары мен алдын алу бойынша семинар өтті.
🔹Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ- инфекциясының таралу деңгейі, АИТВ бойынша нормативтік-құқықтық актілер, кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларымен таныстыру болды.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігері К.Аушенова және инфекционист дәрігері К.Сметова өткізді. Олар семинар барысында АИТВ-инфекциясы бойынша негізгі нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат беріп, тексерілетін топтар мен кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларын түсіндірді.
✅Семинар қатысушылары тарапынан сұрақтар қойылып, барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясын алдын алу және кәсіби жұқтырудан сақтану бойынша пайдалы ақпараттар берілді.

Қош келдің, Әз-Наурыз

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында дәстүрлі Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті. “Қош келдің, Әз-Наурыз” атты мерекелік шара Клинико-диагностикалық зертханасы бөлімі ұйымдастырған мереке ретінде айрықша есте қалды. Қатысушылардың қуанышына бөленген бұл кештің басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін ұлықтау, көктем мен жаңа жылдың символы ретінде Наурыз мейрамын атап өту болды.

Мереке аясында орталықтың ауласында көптеген дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталық қызметкерлері мен қонақтары үшін басты тағам – Наурыз көже дайындалып, бауырсақ пісірілді. Оған қоса, аулаға жасыл желек отырғызылып, табиғатқа деген құрмет көрсетілді.

Мерекенің ашылу салтанатында жүргізушілер барша қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, оның мән-маңызын сөз етті. Содан кейін Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлына сөз берді. Бас дәрігер Наурыздың халқымыз үшін терең мағыналы мереке екенін айтып, бұл күннің жақсылыққа, жаңару мен үмітке толы екенін атап өтті. Жылдың басы тыныштық пен бейбітшілікті, денсаулық пен бақытты әкелуін тіледі, барлық қатысушыларға жайлы өмір, табысты жұмыс және отбасылық береке тіледі.

Мерекелік кеште халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – бата беру рәсімі орын алды. Қыдыр ата рөлінде Алтайхан Малимов  сөз алып, барша жиналғандарға жақсы тілек айтып, бата берді.

Наурыз мерекесі тек сөзбен ғана емес, әсем әндермен де өрнектелді. Айгул Жакипова мен Бағдат Жапанованың  орындауында “Наурыз көктем” әні орындалды.  Ұлбибі атты қызымыз “Аққу” биін билеп, көрермендерді таңдай қақтырды.

Мереке барысында дәстүрлі шашу рәсімі де өтті. Әжелер ансамблі (Қарлығаш Зейнулова, Динара Турдымуратова, Жанат Курмашева, Баглан Тулмағанбетова, Гульвира Серкебекова, Зара Абиева) шашу шашып, халықтың көңілін көтерді.

Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің ең әсерлі сәттерінің бірі тұсаукесер рәсімі болды. Бұл рәсім қазақ халқының дәстүріне сай Бағлан Жарылқасынұлы баланың болашағының жарқын болуына тілек білдіріп, тұсауын кесіп, сәттілік тіледі.

Шара барысында қазақ халқының танымал әндері мен билері орындалып, кештің көркемдік деңгейі жоғары болды. Жиналғандар Арсен ұлының “Мен қазақтың баласы” әнін тыңдап, өздерінің ұлттық болмысын сезінді. “Қара жорға” биі де қазақтың ұлттық өнерін паш еткен сәттердің бірі болды.

Мерекелік шарада көңілді ойындар мен жарыстар да өтті. Әр бөлімнің қызметкерлері арқан тарту, қол күрес және гір көтеру сияқты ұлттық ойындарға қатысып, мерекенің тартымды әрі қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мереке соңында қатысушылар “Атамекен” әнін бірге шырқап, бір-біріне ыстық ықылас, ақ тілектерін жолдады. Наурыздың құтты болуына тілектестікпен аяқталған кеш баршаға қуаныш, бақыт және береке әкелді.

АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында өткен бұл Наурыз мейрамы тек қана көктемнің жарқын мерекесін атап өту емес, сонымен қатар халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарын жаңғырту, жаңа жылдың бастауы ретінде ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы болды. Наурыз мейрамы әр адамның жүрегіне жылу мен үміт сыйлап, болашаққа деген сенімді арттырды.

Шу ауданы, Төле ауылында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған дәріс

🔰Шу ауданы, Төле ауылында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен медбикелерінің қатысуымен АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы семинар-тренинг өтті. Іс-шараға қатысушылардың саны көп болды, бұл тақырыптың өзектілігін және қоғамдағы маңызды мәселе екендігін көрсетеді.
🔹Семинардың мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуына қарсы алдын алу жұмыстарды күшейту, білім беру саласы қызметкерлері мен медициналық мамандар арасында осы ауру туралы ақпаратты тарату және жұқпаның алдын алу шараларын түсіндіру.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының психолог маманы М.Бегманова жүргізді. Ол АИТВ инфекциясының қазіргі кездегі таралу деңгейі, оның Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы жағдайы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдары, алдын алу шаралар мен халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізудің маңызы кеңінен талқыланды.
✅Іс-шара барысында қатысушыларға бейнежазба көрсетіліп, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу бойынша пайдалы ақпараттық бүктемелер таратылды. Өз еріктерімен ниет білдірушілерден жедел тест алынды, нәтижелері қатысушыларға АИТВ инфекциясы бойынша өздерінің ағымдағы жағдайларын білуге мүмкіндік берді.

«Эскулап» емдеу орталығының қызметкерлеріне арнайы семинар

🔰Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының инфекционист-дәрігері Сауле Токбураева Тараз қаласындағы «Эскулап» емдеу орталығының қызметкерлеріне арнайы семинар сабағын өткізді.
🔹Семинардың негізгі тақырыптары ретінде «АИТВ инфекциясымен бірге басқа да аурулары бар науқастарды емдеу мәселелері» және «Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуін болдырмау шаралары» талқыланды.
🔹Семинар барысында Сауле Дастанқызы АИТВ және оның адам өміріне әсері, сондай-ақ инфекциямен өмір сүретін адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайлары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, қосымша аурулары бар АИТВ науқастарын дұрыс басқару және емдеу жолдары талқыланды.
🔹Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуін болдырмау мәселелері де кеңінен қаралды. Сауле Токбураева бұл инфекциялардың балаға берілу жолдарын түсіндіріп, олардың алдын алу үшін қолданылатын медициналық шаралар туралы нақты айтты. Мысалы, жүктілік кезінде АИТВ статусын анықтап, алдын алу терапиясын дұрыс тағайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ үнемі медициналық бақылаудың қажеттілігін ерекше атап өтті.
✅Семинар соңында дәрігер қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «Жаңару күні» атап өтілді. Бұл күні ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Қоғамға жаңарудың, табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсету мақсатында өткізілген шараға орталық қызметкерлері белсенді қатысты.
🔹Іс-шараны орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев өзі бастап ашып берді. Бағлан Жарылқасынұлы Наурыз мерекесінің тек жақсылық пен жаңару әкелуін тілеп, ағаш отырғызудың табиғатқа деген қамқорлықты білдіретіндігін атап өтті. Ағаш – өмірдің белгісі, ол жеріміздің сұлулығын сақтап қалуға көмектеседі деген мағынада құнды сөздер айтты.
🔹Бұл күннің маңызды бөлігі ретінде, “Банк Центр Кредит” АҚ Тараз қаласы бойынша бөлімінің директоры Ахтанова Айжан Болатқызы да шақырылды. Ол орталыққа бір шырша ағашын әкеліп отырғызып, мекемеге өз үлесін қосты. Оның бұл қадамы азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстарға үлес қосуға шақырды.
🔹Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері қатысып, бірге ағаш отырғызып, осы арқылы табиғатты қорғауға және оны жақсартуға өз үлестерін қосты.
✅Бұл күннің мақсаты тек ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесінің мәнін, жаңару мен табиғатты сақтау маңыздылығын кеңінен насихаттау болды.

Офтальмологиялық орталықтың қызметкерлері үшін арнайы оқыту семинар

🔰Жамбыл облысының АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Айгерім Иргебаева Жамбыл облыстық Офтальмологиялық орталықтың қызметкерлері үшін арнайы оқыту семинар ұйымдастырды.
🔹Семинардың басты мақсаты – медицина мамандарының АИТВ инфекциясы туралы білімін арттырып, қоғамда кемсітушілікке қарсы түсіністік қалыптастыру болды.
🔹Семинарда дәрігер Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ инфекциясының Қазақстан мен Жамбыл облысындағы таралу жағдайы және оның алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол инфекцияның таралу жолдарын түсіндіріп, АИТВ жұқтырған адамдарға дұрыс көзқарас қалыптастыру қажеттігін, сондай-ақ, оларды қоғамда қабылдауға шақырды.
✅Қатысушыларға АИТВ инфекциясынан қорғаудың жолдары, ерікті тестілеудің маңызы және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру туралы да маңызды ақпараттар ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасуға қатысты.

АИТВ-инфекциясын алдын алу: Семинардың маңызы мен тақырыптары

🔰Тараз қаласындағы «Эскулап» емдеу орталығында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды семинар өткізілді. Бұл семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Гулшат Ахметова жүргізді. Семинардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен оны алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС бойынша ақпарат беру, осы бағыттағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, білімдерін жетілдіру.

Офтальмологиялық орталығы қызметкерлеріне арнайы семинар

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының инфекционист дәрігері Сауле Токбураева Жамбыл облыстық Офтальмологиялық орталығы қызметкерлеріне арнайы семинар сабағын өткізді. Семинар барысында дәрігер қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу мәселелеріне қатысты маңызды мәліметтер берді. Семинардың негізгі тақырыптары ретінде «АИТВ-инфекциясымен қатар қосымша аурулары бар науқастарды жүргізу мәселелері» және «Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу мәселелері» қаралды.
🔹Семинардың алғашқы бөлімінде дәрігер АИТВ және оның салдарлары, инфекциямен өмір сүріп жүрген адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайлары туралы айтты. Сонымен қатар, қосымша аурулармен ауыратын АИТВ-мен өмір сүретін науқастардың жағдайы және оларды тиімді басқару жолдары талқыланды.
🔹Екінші бөлімде Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу мәселелері кеңінен қаралды. Сауле Токбураева бұл инфекциялардың анадан балаға берілу жолдарын түсіндіріп, олардың алдын алу үшін қандай медициналық шаралар қолданылатынын нақты көрсетті. Мысалы, жүктілік кезінде АИТВ статусын анықтап, алдын алу терапиясын дұрыс тағайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ, медициналық бақылаудың үнемі жүргізілуі керектігі айтылды.
✅Семинар барысында дәрігер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

№2 қалалық емханасынның қызметкерлеріне арналған семинар

🔰Ағымдағы жылдың 12 наурызында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. Иргебаева №2 қалалық емханасының қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.
🔹Бұл семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, кемсітушілікті болдырмау үшін қоғамда түсіністік қалыптастыру.
🔹Семинар барысында Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ- инфекциясының қазіргі жағдайы мен оның таралуы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуалды сараптады. Дәрігер инфекцияның таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оларды қоғамда қабылдауға шақыру, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру және кемсітушілікті жою бойынша ұсыныстар айтты.
🔹Сонымен қатар, семинар қатысушыларына АИТВ- инфекциясынан сақтанудың жолдары, ерікті түрде тест тапсырудың маңызы, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру жайында ақпараттар ұсынылды.
​Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысты.