Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мәдени көпшілік іс-шарада ақпараттық бүктемелер таратылды

 

14 наурыз күні Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков саябағында Көрісу күніне орай мәдени көпшілік іс-шара өтті. Бұл шара көктемнің алғашқы күні, табиғаттың жаңаруымен байланысты татулық, келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталды. Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, мерекелік көңіл-күйде болды.

Іс-шара барысында түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, халыққа ұлттық әндер мен билер ұсынылды. Тұрғындар арасында жақсы тілектер айтылып, кешірім сұрау мен бір-біріне қолдау көрсету дәстүрі жалғасты. Көрісу күні мерекесі бұл тек көктемнің басталуын емес, сондай-ақ қоғамда татулық пен бейбітшілікті сақтау қажеттігін айшықтады.

Аталмыш іс-шарада АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратты. Олар АИТВ жұқпасының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, ерікті тестілеудің маңызы туралы тұрғындарға түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.

«Ауыл береке» сауда кешенінде ақпараттық іс-шара өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығы Тараз қаласының «Ауыл береке» сауда орны жұмысшылары мен тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын тарату мақсатында маңызды шара ұйымдастырды. Орталық мамандары, эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева мен психолог М.Бегманова АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы радио арқылы өз сөздерін кеңінен жеткізді. Олар тұрғындарды өз еріктерімен АИТВ инфекциясына жедел тест тапсыруға шақырып, инфекциядан қорғану үшін қажетті ақпараттармен бөлісті.

🔹Сонымен қатар, орталықтың медибикесі Г.Иманбаева қала тұрғындарынан жедел тест тапсыруға ниет білдіргендерге тест жүргізді. Бұл шара барысында мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер ұсынып, түрлі мәселелер бойынша түсінік берді.

🔹Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, және инфекцияның ерте кезеңдерінде тест тапсырудың маңызы туралы жан-жақты ақпараттар ұсынылды. АИТВ-мен байланысты қорқыныш пен күмәндарды жою мақсатында психологтар эмоционалдық қолдау көрсетіп, жұртшылыққа дұрыс ақпарат беруге тырысты.

✅Бұл шара қоғамда АИТВ инфекциясының алдын алу, дұрыс ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білімділікті арттыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жақсартуға, АИТВ инфекциясының таралуын болдырмауға көмектеседі.

Студент» медициналық орталығында семинар өтті

🔰Студент» медициналық орталығында Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен профилактикалық шараларына арналған семинар өтті.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ – инфекциясының таралуын тоқтату, кәсіби жұқтырудың алдын алу және АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне назар аудару болды.
🔹Семинар барысында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының дәрігерлері К.Аушенова және К.Сметова алдын алу шараларды түсіндіріп, халықаралық тәжірибелер мен АИТВ-мен күресудің тиімді әдістерін бөлісті. Олар қатысушыларға АИТВ- инфекциясының таралуы, алдын алу шаралар, анадан балаға берілуінің алдын алу жөнінде маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, АИТВ және қосымша аурулардың диагностикасы мен емдеу әдістері талқыланды.

Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын ұйымдастырылды

🔰7 наурыз күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында Халықаралық әелдер күніне орай ерекше мерекелік жиын ұйымдастырылды. Бұл шарада нәзік жандарға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.

🔹Мерекелік жиынды орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Джарлықасынұлы ашып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегін жоғары бағалап, әрбір әйелдің өміріміздегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дәрігер әйелдердің атқарған жұмыстары мен кәсіби шеберліктерін ерекше атап өтті.​
🔹Жиында ұжымдағы ер азаматтар да әйелдерге арнап арнайы әндер орындап, олардың еңбекқорлығы мен жан-жақты болмысына деген құрметтерін білдірді. Өнерлі ұжым мүшелері көңілді кештің ажарын ашып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін келтірді.

Ақпараттық іс-шара жалғасуда

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті тұрғындарға инфекцияның таралу қаупі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, оқу материалдары таратты.
🔹Бұл шараның басты мақсаты-тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және дұрыс ақпарат жеткізу.

«ТаразКожОбувь» ЖШС өндіріс орны жұмысшыларына АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева «ТаразКожОбувь» ЖШС өндіріс орны жұмысшыларына АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Түсіндіру жұмыстары барысында дәрігер С.Дулатбаева АИТВ инфекциясының жұғу жолдарын, белгілерін және инфекциямен өмір сүріп жатқан адамдардың құқықтарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану шаралары, оның ішінде тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Семинар барысында жұмысшылар арасында ақпараттық материалдар таратылып, дәрігер мен қатысушылар арасында белсенді сұрақ-жауап өтті.
✅Алдағы уақытта Тараз қаласындағы көптеген кәсіпорындарда осындай шаралар ұйымдастырылып, халықтың АИТВ инфекциясына қарсы білім деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.

Ақпараттық оқу материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда

🔰Қала тұрғындарына АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпараттық оқу материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда.
🔹Бұл шараның мақсаты-тұрғындарды АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу және сақтану тәсілдері бойынша кеңестер беру арқылы қоғамда түсіністік пен жауапкершілікті арттыру.
🔹АИТВ-ның таралуын азайту үшін ұйымдастырылған бұл жұмыстардың қала тұрғындары үшін маңызы зор. Жамбыл облысының АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті халыққа инфекцияның таралу қауіпі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, алдын алу шаралар туралы кеңес беруде.

«ZHANUYA» қалалық емханасында АИТВ-инфекциясын жұқтырудан қорғау шаралары мен алдын алу бойынша семинар өтті

🔰Тараз қаласында орналасқан «ZHANUYA» қалалық емханасында АИТВ-инфекциясын жұқтырудан қорғау шаралары мен алдын алу бойынша семинар өтті.
🔹Семинардың мақсаты- қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ- инфекциясының таралу деңгейі, АИТВ бойынша нормативтік-құқықтық актілер, кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларымен таныстыру болды.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігері К.Аушенова және инфекционист дәрігері К.Сметова өткізді. Олар семинар барысында АИТВ-инфекциясы бойынша негізгі нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат беріп, тексерілетін топтар мен кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларын түсіндірді.
✅Семинар қатысушылары тарапынан сұрақтар қойылып, барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясын алдын алу және кәсіби жұқтырудан сақтану бойынша пайдалы ақпараттар берілді.

Тараз сервис және технология колледжі білімгерлеріне семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары Тараз сервис және технология колледжі білімгерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты – АИТВ инфекциясының қауіптерін түсіндіру және оның алдын алу шаралары жөнінде білім беру болды.
🔹Семинар барысында эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог маманы М.Бегманова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері мен инфекциядан қорғану шаралары туралы жан-жақты баяндама жасады. Сондай-ақ инфекциясының берілу жолдары мен оны болдырмаудың маңызды әдістері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
🔹Семинар соңында қатысушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық оқу материалдары таратылды. Ал, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі А.Оркова өз еріктерімен ниет білдірген білімгерлерге АИТВ инфекциясына жедел тест алды.

№6 қалалық емханасында АИТВ бойынша семинар өтті

 

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының ұйымдастыруымен №6 қалалық емханасында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу бойынша семинар өтті. Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, жаңа нормативтік-құқықтық база, АИТВ-инфекциясына тексерілетін топтар мен алдын алу шаралар жайында ақпарат алды.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары, эпидемиолог дәрігер Д. Абдраманова мен дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Олар қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеу мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
✅Бұл семинар АИТВ инфекциясының таралуын болдырмауға және халықты ақпараттандыруға бағытталған маңызды шара болды.