Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының  аймақтық кеңес отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында облыстың денсаулық сақтау мен білім саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Кеңес отырысында алғашқы болып партия филиалының төрағасы кіріспе сөз сөйледі. Одан кейін облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасы басшылары, сондай-ақ облыстық Полиция департаменті өкілдері де сөз алды.

Кеңеске қатысушылар арасында сұрақ-жауап кезеңі өтіп, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Айтылған өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Сондай -ақ, білім және денсаулық сақтау саласындағы басқа да маңызды мәселелер талқыланды. &nbsp

Кеңес барысында  Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері  Б.Қыдырбаев АИТВ -инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаражат бөлу мәселесін жан-жақты баяндады.

Бағлан Джарлықасынұлы облысымызда АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын алу шаралары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  -АИТВ-инфекциясын алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары инфекцияның таралуы төмендегенімен, облыстағы бірқатар өңірлерде әлі де бұл мәселеге қатысты белсенді жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті, бұл аурумен күресте Үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарту туралы ұсынысын жеткізді.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы атқаратын шаралар туралы кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, оны іске асыру жолдарына қатысты  қолдауларын білдірді.

Іс-шараны қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы аталған мәселелерді қолдап, оларды алдағы уақытта мәслихат депутаттарына ұсынылатындығын мәлімдеді.

Олыстық семинар өтті

🔰2025 жылдың 28 қаңтар күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында маңызды семинар өтті. Семинардың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында «Гемотрансфузия және трансплантация алған реципиенттердің (азаларды, тіндерді, бағаналы жасушаларды не басқа да биоматериалдарды трансплантациясы) емханалық бейіндегі медициналық мекемелерде АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-карау тәртібі». Аталған іс-шараға Жамбыл облысы бойынша денсаулық мекемелерінен реципиентке жауапты қызметкерлер қатысты.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гулжан Қалметова ашып, қатысушыларды семинардың маңыздылығымен таныстырды. Ол АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, аурудың алдын алу шаралары және медициналық мекемелердегі бақылау жұмыстарын жетілдіру жөнінде сөз қозғады.
🔹Семинар барысында АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Индира Досымова облыста жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық зерттеулер мен қадағалау жұмыстарын баяндады. Индира Досымова АИТВ таралуының алдын алу үшін медициналық мекемелердегі зерттеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
🔹Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Гулшат Ахметова да сөз берілді. Ол жоғарыда аталған тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медициналық мекемелерде АИТВ-ға зерттеу жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Гулшат Ахметова АИТВ-инфекциясының таралуын бақылаудың қазіргі әдістерін, сондай-ақ медициналық мекемелерде бұл инфекцияны алдын алу үшін жүргізілетін шараларды талқылады. ​
✅Семинарға қатысушылар өз кезегінде сұрақтар қойып, нақты мәселелер бойынша пікір алмасты. Қатысушылар бұл семинардың өте пайдалы екенін және АИТВ-ның алдын алу мәселелерінде үлкен өзгерістер мен жетістіктерге жету үшін бірлесе жұмыс істеудің маңызды екенін атап өтті.

Аутрич жұмыскерлері жұмысқа алынды

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына 2025 жылға 12 аутрич жұмысқа қабылданды. Олар халықтың негізгі топтары бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтті. Аутрич жұмыскерлері «ИЕТА», «СЖ», «ЕЖЕ» топтары бойынша жұмыс жасайды. Әрбір топ облыс аумағында АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату және оның алдын алу бойынша кешенді шараларды өткізеді.
🔹Жұмысқа қабылдау барысында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова аутрич жұмыскерлеріне жұмыстың маңыздылығы мен қоғамға тигізетін әсерін түсіндірді. Оның айтуынша, аутрич жұмыскерлері халық арасында АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары бойынша ақпарат тарату, алдын алу шараларды ұйымдастыру және сауаттылықты арттыру бағытында маңызды рөл атқарады.
🔹Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова аутрич мамандарына АИТВ-инфекциясының таралуы, алдын алу әдістері және аймақтық ерекшеліктер туралы ақпарат берді.
Жұмысқа қабылданған аутрич жұмыскерлері келісім-шарттармен танысып, олардың міндеттері мен құқықтары, жауапкершіліктері туралы ақпаратпен танысты.
✅Жалпы, 2025 жылы жұмысқа алынған аутрич жұмыскерлерінің облыс бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға зор үлес қосады деп күтілуде.

Ақпараттық іс-шара жалғасын табуда

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Келешек-Тараз ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейінің білімгерлеріне  ақпараттық іс- шарасын  өткізді.

Бұл шараның мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясының таралуы,  оны  алдын алу бағытындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Шара барысында мамандар білімгерлерге АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, мамандар студенттерге  АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге шақырып, тестілеуді ерікті және құпия түрде өту мүмкіндіктерін ұсынды.

Қазіргі заман гумманитарлық-техникалық колледжінде  семинар өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Махамбетова бірлесіп, жоспарға сәйкес Қазіргі заман гумманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау, дұрыс әрі нақты ақпарат беру, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру.

Семинар барысында Мереке Сабитқызы АИТВ инфекциясының жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ инфекцияның таралуына ықпал ететін факторлар туралы толық ақпарат ұсынылды. Студенттерге АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты дұрыс қарым-қатынас, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, оларды қолдау және қоғамдастықтың бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажеттігі туралы да түсінік берілді. Сондай-ақ, жастарды өз денсаулығын сақтауға, қауіпсіз және жауапкершілікті өмір салтын ұстануға шақырды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша студенттер өз сауалдарын қойып, ақпаратпен толық танысты.

Студенттерге  ақпараттық іс- шарасы  өткізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттеріне  ақпараттық іс- шарасын  өткізді.

Бұл шараның мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясының таралуы, оны алдын алу шаралары мен орталықтың алдын алу бағытындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Шара барысында мамандар білімгерлерге АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, мамандар студенттерге  АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге шақырып, тестілеуді ерікті және құпия түрде өту мүмкіндіктерін ұсынды.

&nbspСонымен қатар, олар АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен сақтану шараларын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

№6 қалалық емханасының АИТВ-инфекциясының жұмысы қаралды

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының  психолог маманы М.Бегманова №6 қалалық емханасына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапарының басты мақсаты-емхана деңгейінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және ақпараттық-танымдық жұмыстарды күшейту.

Сапар барысында олар АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. Мамандар емхана қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін атқарылып жатқан шаралар мен профилактикалық жұмыстарды қарастырды. Сонымен қатар, науқастармен тиімді жұмыс істеу жолдары, АИТВ-инфекциясын ерте анықтау және алдын алу шаралары туралы кеңестер берді.

Кездесу соңында емхана қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу, пікірлесу орын алып, АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күресте бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.

№59 орта мектебінің оқушыларына оқу-жаттығу өтті

 

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының  эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психологы М.Бегманова Шөлдала ауылында орналасқан №59 орта мектебінің оқушыларына оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ оқушылардың осы мәселеге қатысты ақпараттық деңгейін арттыру. Дәріс барысында оқушыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.

Шараның тағы бір ерекшелігі-оқушыларға ойын жүргізу арқылы оларды бұл мәселеге қатысты дұрыс пікір қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізу болды. Мамандар ойын әдістерін қолдана отырып, жастардың арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, дұрыс шешім қабылдауға арналған жаттығулар өткізді.

Дәріс барысында оқушылар өздеріне қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, іс-шара соңында оқушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық бүктемелер таратылды.

№55 орта мектебінің оқушыларына дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының  эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психолог маманы М.Бегманова және «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығының  психологы Г.Қалдыбаева  бірлесіп, жоспарға сәйкес Шөлдала ауылында орналасқан №55 орта мектебінің оқушыларына дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жастар арасында дұрыс ақпаратты таратып, оларға қауіпсіз өмір салтын ұстануға үйрету.

Іс-шара барысында дәрігерлер АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар, олар жастардың психологиялық тұрғыдан осы мәселе туралы сауаттылығын арттырып, дұрыс шешімдер қабылдай алатын жағдай жасауға бағытталған кеңестер берді.

Іс-шараның соңында жастарға АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттық материалдар таратып, олардың сауалдарына жауап берілді.

№5 емхана қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС инфекциясын анықтау мақсатында қан сынамасын алу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізілді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапары жалғасын табуда.
🔹Бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарын тексеру, тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда көмек көрсету.
🔹ЖО ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова, эпидемиолог дәрігер В.Когай, инфекционист дәрігер Сауле Токбураева №5 қалалық емханасының медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізді. ЖИТС орталығының мамандары №5 емхана қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС инфекциясын анықтау мақсатында қан сынамасын алу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Олар дәрігерлер мен медбикелерге инфекцияның таралу жолдары, белгілері мен алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, науқастардан қандай жағдайларда АИТВ инфекциясына қан сынамасын алу қажеттігін айтты. Індет анықталған жағдайда тегін медициналық көмек алады. Ал ерте анықталған науқас емделудің нәтижесінде толыққанды өмір сүреді. Мамандар мұндай тексерістерді жүргізудің маңызды екенін және оларды жүргізгенде медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
🔹Сондай-ақ, семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де талқыланды. Мұндай мәселелер қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру және АИТВ жұқтырған адамдарға деген қарым-қатынасты жақсарту үшін өте маңызды. Семинарға өз білімдерін жетілдіріп, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.